ВЕРНУТЬСЯ

(Г.Гейнеден) Есі кете сүйді жігіт бір қызды,Бірақ, сорлы тосылғанын білмеді!..Кешіккені -ақ үмітті күрт үзді,Кейін кетті басқан адым ілгері. Көздерінен қайғыменен жас тамып,Қыз да кетті, қайтсін енді, жол қысқа.Жас жігіт пе?..Тағдырынан жасқанып,Қала берді бармақ тістеп, қол –қысқа!.. Басқаға тек кездеспегей – тілегім;Жаңалық деп жараспайды естуге.Қарс айрылды-ау сенің де пәк жүрегің,Бұл оқиға күлкі әкелмес ешкімге!..                                                 1971 ж.