ВЕРНУТЬСЯ

(Есімқұл көріпкелдің асында оқылған өлең) Халайық көкейіңді тапқым келер,Бір отты жүрегіңе жаққым келер!..Есімқұл атам десем – көз алдыма:Киелі құс төресі аққу келер!.. Адамдар – арманымен күшті дейді,Қиялмен аспанды да құшты  дейді!..Ер Бекет, Есімқұл мен Аманбайлар –Құс болып көк жүзіне ұшты дейді!.. Мен өзі бұл аңызды сөкет демен,Сол үшін де Есімқұл, Бекет дегем!..Аққу сынды жандарға ұшқан лайық –Көңілді жеті қатқа жетектеген!.. Есекем,! Ел сыйлаған аруағың бар,Ішінде көп әулие салмағың бар!..Халқыңның ақ тілегін аспандаттың,Қартым-ау не арманың бар, не арманың бар?!.Қабағын Ай мен Күннің сезген қартым,Табиғат тамыршысы – безбен қартым.Елінің амандығы алаң қылып,Қасиетті Маңғыстауын кезген қартым... Сапарға жаяу-жалпы төзген қартым,Сөйлепсің көңіл-айна – көзбен, қартым!..Қанша айтсам – қадіріңді тауыспаспынПәнейі бір-екі ауыз сөзбен, қартым!.. Жырымның белгілі ғой не демегі –Көңілдің бұл әншейін көбелегі...Жар болғай жаныңызға, жақсы қауым,Есімқұл әулиенің «бөгелегі»...*                                                  1994 ж._____________________________________________*Маңғыстаулықтардың аузында: «Есімқұл әулие көріпкелдік ойларын айтар алдында бөгелегімен ақылдасады екен» деген сөз бар.