ВЕРНУТЬСЯ

Аяғы қыркүйектің шығып болмас-Апырай, келіп қалды-ау суық торғай!..Жаз кетті жадыраған апыл-ғұпыл –Артында бір нәрсені ұмытқандай. Қабағы жадау күздің суық қандай,Келетін биыл ерте суық бардай.Басылар жынды желдің түрі жоқ қой –Жан созған жапырақты жұлып болмай!.. Отырмыз күн райын біліп болмай,Топтанып ұшты тағы суық торғай.Базарға кеткен балам көрінбейді –Жем болған саудагерге шыбық борбай... Барады аспан-жерден сұрық қалмай,Қара жел құтырып тұр жыныққандай!..Жүрегім – суық торғай қалтырайды –Бір пәле қанатынан қырыққандай!..                                                 1996 ж.