ВЕРНУТЬСЯ

Қашанғы шерте берем мұңшыл өлең?..Еңсемді түсірді ғой гүлсіз өлең!..Тырышқан шал-кемпірдей түрсіз өлең –Қабағы ашылмаған күңкіл - өлең!.. Түрім бар – бүгін тағы жыр тілеген,Жеттің бе, ақ жауыным, сіркіреген?..Ағады сарайымда бүлкіл өлең,Мінеки, келіп қалды түртіп өлең!.. Тұрғанда жан-жүректі шымшып өлең –Толғанда көкірекке шүмпіп өлең...Жазып бір тастайыншы күлкілі өлең!..Деп біраз қаламымды сілкілегем!.. Ұзамай шыға берді үркіп өлең!..Болмасты - болмайды екен түрпілеген!..Біздерге – бөтен екен күлкі деген!..Біреудің ойнамайын мүлкіменен!.. Қойдың-ау отқа салып, шіркін өлең!..Дос қылып ащыменен – сілтіменен...Кеудеме қамап сені тастар едім –Болса, егер, үнсіз өлең, тілсіз өлең!..                              Сәуір – 2006