ВЕРНУТЬСЯ

Әлме-жәлме жас қой бұл елу деген,Оңай ма өзі елуге келу деген?..Жаратқанның маңдайға жазғаны бар,Жазғаны сол – салғанын көру деген... Жастық қайда сүйетін сезімменен?..Қайрат қайда шаршауың сезілмеген?..Мінез біздің тентектеу қайда қалған –Жүргізбейтін өзіңді жөніңменен... Қыз қайда «сәулем» деген, «өзім» деген,Сүйетін бар әлемді көзіңменен...Атқан оқтай зымырап бара жатқан –Осы ма, әлде жалғаншы- өмір деген!.. Бар ғой, бірақ ертеңге сену деген,Көп қой әлі біздерде төзім деген!..Елу – деген жайқалған бәйтерек-ау –Жапырағы бойында, жел ілмеген. Бос мақтанға еліріп, семірмеген,Аға – жасқа жетіппіз «елім» деген!..Тарпаң едік, бүгінде жорға болдық –Сауырына су құйса төгілмеген!.. Жеріміз бар ма біздің жегілмеген?..Сонда да өрекпиді көңіл-дөнен!..Жігіттіктен әлі де дәмеміз бар,Әлме-тәлме жас қой бұл елу деген!..Елу деген!..                                        1997 ж.