ВЕРНУТЬСЯ

               (Аурудың көзімен)Қартайып  қар жатыр, Жер – алатағанақ.(Жарылып кетпегей қу жүрек –қағанақ...)Сақалым қауғадай – алынбай ай өтті,Айнадан қарап тұр қайыршы – сабалақ!.. Ала қар сүйкімсіз – ақпанның қалдығы,Су болып жылайды – айтатын бар мұңы...Жел мен күн жеміріп – жер жұтып барады,Қаратпай арғыны – уақыттың тарлығы!.. Қыс – боран өтіп ед өкпені сүңгілеп,Қара жел тұр енді кеудені үргілеп!..«Жазға бір жетем бе – қармен-ақ кетем бе?..»Сұм сауал барады жанымды тілгілеп!..                                   Наурыз - 2004