ВЕРНУТЬСЯ

Көкіректе бар еді –Тұнып қалған бір арман...Өлең жаза алмадым –Шығып, шіркін, құмардан!.. Жырым қалып жайына,Өтті  жылдар шұбалған.Секілдімін кең арна –Ылғал жепей суалған!.. Қалай ғұмыр кешкенмін –Бос жүрістен  торықпай?..Таланат бізде бар еді-ау –Дәу демеймін тобықтай!.. Сол «тобықтың», Құдай-ау,Киесінен  қорықпай...Қалай ғұмыр кешкенмін –Бір пәлеге жолықпай?!. Айқай-сүрен мақала –Жазып жүрген «шығармын!..»Замананың сазымен –Атымызды шығарған...Нәзіктігім бар еді,Сол асылым жоғалып.Өтіп кетті жылдарым –Мақалаға омалып!.. Нанасың ба, жан досым,Түсіме өлең кіріп жүр!..Ақ сезімнің түндігін –Жарқыратып түріп жүр!.. Жатқызбай жүр жайыма –Нұрғалиев* «салқыны»... Сиқырлап жүр жанымды –Раушанов* алтыны!..___________________________________________*Өтежан Нұрғалиев, Есенғали Раушанов- ақындар.Тыныштықбек* «аңқылы»,Гүлнар* қыздың жан сыры,Қалбай* құрдас қарқыны!..Соның бәрі өткендей-Менің кеудем арқылы!..Ұйықтап қалған шабыттың –Оянғандай сарқыны!..Өлең қамап жүр мені –Жүрегімді құр-құрлап,Жатқызбайды жайыма:«Тірімісің тұр-тұрлап!..»Көкірегім күмбірлеп –Жырға толған сықылды!..Үміт кесем тағы да –Нұрға толған сықылды!..Кемем жүзіп келеді –Жатып қалған қайырда!..Қарап қалмай, Мырзеке!..Желкеніңді дайында!..Ақ тілегім, жан Алла,Қанатымды қайырма!..Рас болса бергенің –Осы күйден айырма!..                        Наурыз - 2004____________________________* Тыныштықбек Әбдікәкімов,  Гүлнар Салықбай, Қалбай Әбдіраман – ақындар.