ВЕРНУТЬСЯ

       (Баллада)Өртеніп барады ауа –Кептіріп кенезені.Тұмшалап қара балаЖауып жүр терезені... Бұл да бір сорлы бала –Тағдыры сыртын бергенШешесі – болды мола,Ағайын қырқын* берген. Көзінің жасы кепті,Басылды жылағаны...Құдайы «нәсіп» еттіТағы бір «сыбағаны!..» Жатырған қан түкіріпӘке де әлсіреді...Барады жан қысылып...Баласы – бар тілегі!..___________________Қырқы* - қырық күндік садақасы.«Ғұмырдың шаңды желіКеудемді қақпанын-ай!..Кіндіктен жалғыз жалғыз еді,Ұлымды сақта, Құдай!..» Үмітін үзген ауруҚұлынын қия алмады.Дерті оның жұқпалы ауруБаласын сүйе алмады!.. Білініп шаршағаны –Бала да жатыр әні...Түсінде аңсағаны – Анасы шақырады!.. Аурудың тұманданғанКөзінен көшеді бұлт.Жалынып бір Алладан –Сонда да етеді үміт!.. «Құлдығым тірі жүрсе –Адам боп қалды ғой!..» - деп.«Ізімнен күні күлсе –Үмітім жанды ғой...»- деп.Еріні шыт-шыт болып,Бейшара күбірлейді.Күн батса – қырсық торып,Кірпігі ілінбейді!.. Тер қатып қабағында,Бермейді жанға медет.Дүние – жанарындаОйнайды қанкөбелек!.. Дем жетпей тұншығады,Шыдар ма ұзақ түнге?!Ертең де күн шығады,Жарығы, бірақ, Кімге? Ұзамай қара балаӘкесін көміп келді.Жүрегі жара бала –Үміті сөніп келді!.. Баяғы кескіні жоқ –Айналды тас – балаға!Жылайтын ешкімі жоқ,Бұл – енді басқа бала!.. Құшаққа қысып тұрған –«Жалғыздың Жары  - Құдай!..!Жетімге түсіп тұрғанЖалғанның жарығын-ай!                                 1981 ж.