ВЕРНУТЬСЯ

Қазомырау кіл жүйрікШауып кетіп барады,Жел тұрғызып, ауаныЖарып кетіп барады!.. Көкіректі ашытып,Жанып кетіп барады!..Барабанын жүректіңҚағып кетіп барады!.. Бала біткен қиқудыСалып кетіп барады.Дауыстары құлақтыШағып кетіп барады!.. Асау мінген біреуі –Налып кетіп барады...Қабаттасып онымен –Зауық кетіп барады!.. Атқұмардың көңілінТауып кетіп барады...Қызық қуған жанынаЖағып кетіп барады!..Топтан озып үш тұлпар –Анық кетіп барады»..Әнебіреу шаң жұтып,Қалып кетіп барады... Көз ұшында көп ноқат –Ағып кетіп барады!..Бірін-бірі жібермей,Батып кетіп барады!.. Ноқат көзден жоғалып,Шаңыт кетіп барады...Иесі кім? Белгісіз...Даңқ кетіп барады!.. Аттан жүйрік қиялым –Ауып кетіп барады...Бәйге қалып жайына –Лағып кетіп барады!.. ж.                              1987