ВЕРНУТЬСЯ

Шыдатпай кәрі жыны – ынтазары,Жел- апам бүгін қауырт жүн сабады!..Қарт бура – Каспий тағы шыға келді –Тарпынып, үркіткендей су табаны! - Құтырып, күмпілдетіп мың сабаны –Жайқыным арсы-күрсі үн салады.Зау толқын атылғанда қарауытып –Шекесін тентек судың күн шалады... Табиғат – қара дауыл құрсанады –Кім оған қарсы келіп, «мін» тағады?..Жағалау ағал-жағал. Сақау жартас –Аспанға үнсіз ғана мұң шағады...                                          Маусым -2006