ВЕРНУТЬСЯ

                   (Памфлет)Бұл қырдың жел соқпайтын күні бар ма,Ұқсайды да тұрады жаны барға!..Тартқанда шаң-қобызын құтырынып,Тесік таба алмайсың тығыларға!.. Содан ба, көңіл құрғыр - сынық арба,Сынық арба, білмеймін, тынығар ма?..Аспаннан топырақ жауып бес күн ұдай –Жүр едім қара таппай ұрынарға!.. Апырмай, бір қара бұлт шүйіп келді,Қабағын үнсіз ғана түйіп келді,Жалт та жоқ, күркір де жоқ, бір ғажабы,Аспаннан қара жаңбыр құйып берді!.. Мәз қылып үлкен-кіші ауылдасты,Ой-қырдың көп ұзамай шаңын басты.«Мектепте бір жиналыс болады»,-деп,Көршілер қапелімде дабырласты... «Бір мықты әдейі арнап  келген»,-дейді,«Үміткер парламентке ерден»,- дейді.«Сенсеңіз айтқанына ұжмақ орнап,Ауылды шығармақшы көрден!» - дейді.Жаңбырмен келген ерді көрмек үшін –Біразы жәй әншейін ермек үшін!..Шұбырды мектеп жаққа жиыншыл жұрт –Тағы бір өтірікке сенбек үшін!.. Үміткер ананы айтты, мынаны айтты,Тізбелеп жоқты-барды құрап айтты.Көп жайды, шыны болса, «жылап» айтты,Жұқалап біреулерді сынап айтты. «Мен жүрген аппақ жүрек балаң»,-деді,«Көңілім халқымды ойлап алаң»,-деді.«Құдай-ау, қамқор болар азамат жоқ,Жатыр-ау жетімсіреп далам!» - деді. «Бір мешіт қарттар үшін салам»,-деді,«Ақшаны клубқа да табам!» -деді.«Болмаса мен секілді панаң»,- деді«Ауылдың көрген күні қараң!» - деді. Сосын бір пәлсапалап – тағдырды айтты,Аспандап, Жаратушы – жалғызды айтты.«Шөп шығар, мал да ұзамай тойынар»,-деп,Соңында сыртта жауған жаңбырды айтты!..«Деген бар: Жаңбырменен – жер көгерер,Деген бар: Алғыспенен – ел көгерер.Ағайын егер мені сайласаңдар –Түзеліп, тірліктерің дөңгеленер!» Талайдың  желге ұшырып күдіктерін,Осылай тәттіледі үміткерім!..Мұндайда қарап қалар ауыл бар ма,Шығарды сөзге жорға «күліктерін!..» Қалғандай орындалып армандары,Әлгіні мақтап бәрі жалбаңдады.Бар ма екен әлденені аңғарғаны –Тек қана үндемеді шалдар жағы... Е, бәсе! Арттан бір шал тұра келді...Қонаққа көз – мылтығын бұра берді...«Ай, мынау абыройды алады-ау!»-деп,Қипақтап әкім-қара бұға берді... «Әй, шырақ, жаңбырың не, сасқаның ба?..Тірліктің белгісі жоқ аспаныңда!..Көгіңде күн күркіреп, атойламай,Жарқылдап айналада от ойнамай,Жауғанның несі жаңбыр болушы еді?..Онымен қай қазаның толушы еді?..Мен айтсам мұның аты  - өлі жаңбыр!..Жауғанға, жәй әншейін, о да сан бір... Айтайын, оған да рас. Шөп шығады,Шөп шыққаны бар болсын – тек шығады!..Жалғанда оны жеген мал семірмес –Сенің сөзің секілді боп шығады!.. Сенің сөзің секілді – дерегі жоқ!..Өлі жаңбыр - өлі су... керегі жоқ!..Адамға сөзден басқа берері жоқ –Заманға тап болдық-ау кенеуі жоқ!.. Қайдасың, тектілігім – мықтылығым?!Деп едім сенің де бір шықсын үнің!..Өлі жаңбыр – сөздерге телмеңдеуменМенің де жаным арып, бітті күнім!..» Деді де, тентек- шалым тұрып қалды...Дауысы – зал ішінде тұрып қалды!..Байқадым, біраз бастар сұлық қалды!..Ішімде ит-өкініш ұлып қалды!..Мұндайды көтермейді біздің ауыл!..Демеді. «Арық атқа – тізгін ауыр».«Маңызды» әңгіме айтып дамыл-дамыл,Жүйкесін қасқа шалдың қылды жауыр!.. «Тілегін азаматтың қабыл алмай,Неңіз бар осыншама жанығардай?..Қонаққа арнап келген мұныңыз не?..Үлкенде болмаушы ма еді сабыр, Алла-ай!» Осылай мүтәйімдер «ақыл» айтты,Құбылып құбақандай – сатып айтты!..Ақ сөздің ақиқатын біле тұра –«Тентекті» аямастан атып айтты. Көп ауыз біріккесін не демейді?..Ұрмайды, шындығыңды елемейді!..«Жалғыздың  - үні шықпас» деген осы,Төбеңнен ұрғандай қып шегелейді!.. Жықпылы, жырасы жоқ жасырынды...Білмеген тексіздікке бас ұруды!..Мәрт шалым!.. Дегенменен жай ойнатып,Кеттің-ау бір түсіріп жасылыңды!..Тұрған жоқ күбі күтіп сапырулы,«Сөз» бітіп жұрт та сыртқа асығулы...Аяғын жиналыстың тосқандай-ақ –Күн шығып, жаңбырың да басылулы... «Жұртына» іш, бәлкім, жылып тұрды,Мұртынан қонақ жігіт күліп тынды...Ұзамай бағыт ұстап қала жаққа – Ытқыды иномарка сүзіп қырды!.. «Екпіні әлгі шалдың қатты ғой!» - деп,«Әрнені әлін білмей шатты ғой!»- деп,Әлдекім әлгі суды шалпып өтті:«Әйтеуір, жаумағаннан жақсы ғой!» - деп. Алдырып пейілдерді қара суға,Осылай күнім өтті нанасың ба?..Несіне шырылдайсың сорлы жүрек,Жұрттан асып, пейішке барасың ба?!                                                     2001 ж.