ВЕРНУТЬСЯ

Күн батып, бара жатыр көз байланып,Көршілер отыр едік сөзге айналып...Оқыстан бір әйелдің даусы шықты –Жол жақтан зар илеген ойбай қағып!.. -Баламды қу машина кетті қағып!..Әнеки, көз ұшында барады ағып!..Артыңда қасқа қылып қалдырғанша –Алмайды мен бейбақты Құдай не қып?.. ...Деп зарлап жол үстінде әйел отыр,Жөңкіліп, жұрт жүгірді апыр-топыр!..Тілегін бір қыршынның кесіп кетті-ау –Іңірде жын қуған ит көңілі соқыр!.. Жұбатып бейшараны зар қамаған,Мүрденің басында жүр аңдап адам!..Өлімі бүгінгінің апақ-сапақ –Аспаннан айды көрдім қан жалаған!..                               Мамыр -2006