ВЕРНУТЬСЯ

        (Бүгінгі қайқының арманы)Кәрілік – байлайды екен адам бағын,Шырқатып асау әнге сала алмадым!..Саусағым перне қуып жүгіре алмай!..Мүдіріп, қоңыр сазбен амалдадым... Адайда: Жеті Қайқы: Қойбас, Қайып –Бүгінде алдырмай тұр қамалдарың!..Бойымды әбеқоңыр әуен жайлап –Көңіддің өңі кетті, шабандадым. Бұрқырап- сарқырамай ағын суым –Ойдағы жайылмадай баяуладым.Кеудені жеп қойыпты қу темекі –Серідей топтан қалған жаяуладым... Ептеуші ем Жылкелдінің «Құнан нарын» –Одан да тайғанап жүр табандарым!..Қайыптың «Жадау көгі» қиял болып -Мойындап, өз шамамды бағамдадым!.. Өнердің базарында - топылған жұрт,Біреулер үкілеп жүр жамандарын!..Қайтейін, бір әумесер қор қылады:Досаттың «Ырғамасын», «Жамалдарын!..»Есіл ән, даңғырлаққа жем болдың-ау,Соны ойлап, жаным күйіп алаңдадым!Әулігіп, құр айқайға басатындар –Ойлай ма, ән түсінер адам жанын!.. Батыстың тарқылына есің кетіп,Көк өскін, бұзылып тұр замандарың!..Шайтанның шәрі болып жүрген жерің –Жұлып жеп екі иықты, далаңдадың!.. Жоғалған әнің де бір – жаның да бір,Жын-ойнақ ортасында қамалғаның!..Біздермен кетер білем алтын әуен –Көзімнен бір-бір ұшты самалдарым!..                                     Желтоқсан -2004