ВЕРНУТЬСЯ

(Мәрия марқұмның рухына) Ғұмыр кештім көп жыл жерім тарылмай,Өмір - өзен ағысынан жаңылмай...Жас ортада айрылдым өзіңнен,Кетермісің енді емің табылмай? Сен кеткесін кеудем болды қорғасын,Қорғасынды – жуды талай көз жасым...Біліп жүрдім, білсем-дағы қайтейін –Қорғасынның көз жасына болмасын... Көкірекке қорғасын – құрт толғасын –Белгілі еді оңайлықпен оңбасым!..Той-думандар жабырқатып жанымды,Талай жерде кішірейді боз басым!.. Жадау көңіл жалғыздықтан – тоңғасын,Үй-орманым иесіздіктен тозғасын:«Бұл жүрісім – не жүріс?» - деп аңырып,Ой ойладым жыл жарымдай озғасын.Әйел – заттың жүйрігі мен жорғасынІздемедім – іздетпеді қорғасын!..Жүріп-жүріп бір адамға тоқтадым –Ол да өзіңдей иманжүзді болғасын!.. Қыз бойжетіп, тапты бақыт – жолдасын,Ұл ержетіп – қорғар болды өз басын.Қарап тұрсам – мұның бәрі от екен –Ери берді, ери берді қорғасын... Күндер кешем көп қайғыға салынбай,Енді жиі бұзылмаймын сабындай...Кей-кейде тек күңгірт тартып отырам –Еріп кеткен қорғасынның қағындай!..                                              1996 ж.