ВЕРНУТЬСЯ

Ат үстінен найзасын –Соза шапқан Дон-Кихот!..Жел – диірменге атойлап –Қоза шапқан Дон-Кихот!.. «Табамын, - деп, - әділдік»,Көп шауыпты Дон – Кихот!..Ақырында қылышы –Боқ шауыпты Дон-Кихот!.. Сонда-дағы арманын –Тот баспаған Дон-Кихот!..Адамдардың жанына –От тастаған Дон-Кихот!.. Ойламаған бас қамын –Мен де сондай қасқамын!Қанша шабыс қалып тұр –Елу жеті жастамын!.. Әкім-қара тулайды –Тұзым түсіп шабына!..Ала көзбен атады –Таласардай тағына!.. «Пәленшеке!..» дейтінге –Тілім менің келмейді...Елдің айтқан ақылыЖарғағыма енбейді!..Бала-шаға уайымдар:«Кімді жеңер жайың бар?..»Маған дәйек қонбаған –Ондай сөзді пайымдар. Досым мақалдатады:«Әй, сенікі – құр шығын!..»Кім ашады. Құдай-ау,Жүрегімнің тылсымын!?. Мейманасы тасқанның –Қисайтам,-деп қылшығын!..»Шырылдайды кеудемде –Шындық атты шымшығым!.. Қанша жерден ақсадым,Қаншама рет қақсадым!..Қақсауменен жүріп-ақ –Талай итті жасқадым!.. Дүниені ұстап тұр-Ерінбейтін ерегес.Мәңгіліктің заңы сол –Бітіспейтін төбелес!.. Ыржаң қақты заманым!..«Қылам, - деме – келемеш».Дон-Кихоттар өлмейді,Соңы, сірә, мен емес!..                            Тамыз – 2004