ВЕРНУТЬСЯ

Бір уыс болып отырмын –Кеудемде күнім ойнамай.Мына бір жауынсымақтың –Аңыртып мені қойғаны-ай!.. Жауған да емес – жаумаған,Енесі оның - ала бұлт.Қара сабадан аумаған –Қай жақта жүрсің мама – бұлт?.. Моншағын санап тамады...Төбелеп құйып кетпеді-ау!..Жабыққан қартаң жүрекке –Желді бір нөсер жетпеді-ау!.. Қызығар еді моншаққа –Алыста қалған балалық...Толтырсын қайдан ортамды –Бүйірі солған шала бұлт!.. Әрі де сәрі тірліктен –Көңілім отыр аңырап!..Жарытпай қойған енесі –Қозы сықылды маңырап!..                           Тамыз -2004