ВЕРНУТЬСЯ

  (Баллада)Онда жұнттай жігітпін,Шауып жүрген күлікпін!..Барар жерге бөлгенде -Атырауға іліктім!.. Алматыға «Қош!..» -дедім,«Оқудан – қол бос» дедім.Сен сұрама, мен айтпан –Көңіл шіркін өскенін!.. Талай жерді аралап,Қиял-құсым балалап...Барып қалдым дәм айдап,Ақ Жайықты жағалап!.. Дендер*деген жер екен,Жайық – сумен телі екен.Балық аулап нәпақаАйыратын ел екен. Жолдастарым – мұғалім,Құрып ауын-құралын,Балық аулап, тынбайды –Судан тауып мұралын!..______________________________Дендер* - Атырау облысындағы аудан.Үлкен кәсіп – білгенге!..Кәрі-жасы бір демдеЖағалауды толтырар –Қызыл балық жүргенде!.. «Маңғыстаудың киігі»,Су болардай киімі!..Жар басында тұрамынБіртүрлілеу - бұйығы... Бекіренің бүйірі-ай!..Тұмсығының сүйірі-ай!..Қарық болған олжағаБалықшының жиыны-ай!.. Асып, бірін қуырып,Сорпасынан сіміріп...Отырғанбыз қауқылдап,Су азығын сіңіріп!.. Жанар оты қоздаған,Қалжыңы бар тозбаған!..Қуақы шал қиқиып,Бағыттады сөз маған:«Қалай, балам, хал?..»-деді,«Ұялма, астан ал!..»-деді.«Жайық толы балыққа –Біздің осы мал!..»- деді. Сөзі жағып жаныма,Ерік бердім жағыма...Менде қарап отырмай,Тидім шалдың «шамына»!.. «Балық тимес жүрекке,Ас екен ғой тыз етпе!..Қампитқанмен қарынды –Қайдан жетсін сүр етке!.. Бозашыда* - қырда өскен,Өзен емес – құм кешкен!..Шұбат ішіп, ет жеген,«Басқа тамақ – құр!»-дескен... Біздей шөлдің «аңына» -Болмас бұдан – «мағына» -Деп қоямын әзілдепАқ Жайықтың шалына.____________________________Бозашы* - Маңғыстаудағы үш түбектің бірі.«Тез пісетін керім!»-деп,«Асқазанға жеңіл!» - депКүліп жатыр ол-дағыӘзілімді «желімдеп»... Сосын тағы қоймайды,«Баласымен» ойнайды...Қармақ салып «суыма» -Тереңірек бойлайды!.. «Оқу оқып, жөн білген,Бала екенсің сөз білген!..Айналайын түріңнен –Жаман шалды көзге ілген!.. Сұлу қыз көп осында,Көп кідіріп, тосылма!..Таныссаңшы бірімен,Көңіліңнің қошында!.. Тірі жаннан қорықпа!..Аттан, бала, «жорыққа»!..Біреу тисе – маған айт,Жіберемін моргқа!..Сүйгеніңді алсаңшы,Осында бүр жарсаңшы!..Күйеу болып Берішке,Ақ Жайықта қалсаңшы!..» Деп бір шалым сілтейді,Қағып-жүрек шіркейді...«Маңғыстауда не бар?..»-депЖәне бір сөз тіркейді!.. «Мұнда жетіп-толам ба?..«Күшік күйеу» болам ба?..Есім барда – елімдіТаппаймын ба, одан да!..» Деп қаралай ұшынып,Көзімнен от ұшырып!..Атып тұрып орнымнан,Шыға бердім сытылып!.. «Жастың ісі – шала»- деп,«Өкпешілін қара!» - деп...Күліп қалды қара шал;«Мені досқа сана!..» - деп... Уақыт желі арбайды,Күнді-күнге жалғайды...Шалдың сөзі әнеугіҚыр соңымнан қалмайды!..Талай тойға барғанмын,Шырқап әнге салғанмын!..Қайқылардан* қайырып,Балын жұтып жалғанның!.. «Кездесер  - деп алдан кім?»Және тойға барған күн...Ақ шабақтай бір қыздыЖолықтырып қалғанмын!.. «Ақ шабаққа» таласып,Ала көзбен қарасып...Жүрген біраз жігіттерКетті ақыры жарасып!.. Ақ Жайықтың «шабағы»,Үлпілдеген тамағы:«Ағай – бала, қойшы!..» – деп,Дірілдейтін қабағы... Сол бір жәудір көзімді,Үлбіретіп сезімдіТаптап кетпей, Құдай-ау,Ұстап қалдым өзімді!..__________________________Қайқы* - Маңғыстауда сал-серілерді осылай атайды.Мен де айтпаймын: «Қалам!» – деп,«Осында бүр жарам!..»- деп,Ол да ашылып айтпайды:«Маңғыстауға барам!..»- деп. Сосын біраз жүрдім де,Жинақталып бір күнде...Жігіттерге «қош» айттым,Бұйда-жібім түрдім де: «Туған жерге қайылдық*Жеңді, достар жайымды ұқ!..Ренжіме, қара шал!Болмай қалған қайын жұрт!.. Қош, өзенім – Жайығым,Бар кішкене «айыбым»...Маңғыстауға бұрыппынКөңілімнің қайығын!..»________________________Қайыл* - «шын берілген» деген мағынада.Сөйтіп, судан өткенмін...Туған жерге жеткенмін!..Қарыным ашып қалғандай –Кезіктім-ау етпен мың!.. Не көрмеген сырттанмын!..Заһардан да жұтқанмын!..Отыз жасқа жетпей-ақАсқазанды құртқанмын!.. Ас жемеймін ұтылап,Сыра да ішпен құтылап!..«Балық болса!..» - деп қоям,Еттің нанын шұқылап... Әй, Беріш шал! Беріш шал!Демепсің-ау теріс, шал!..«Жеңіл»,-деп ең балықты,Сөзіңде не кеміс бар?.. Сол шалымның білгені-ай!..Балағымнан ілгені-ай!..Суға мұрын шүйіргенҚайран жастық күндер-ай!..Жаны жайсаң, жақсы адам –Ерекше еді басқадан!..Шал есіме түседі –Ауырғанда асқазан!.. Жайығына – сыңар шал,Өз елінде шынар –шал!Мені талай толқытқанТәтті әзілге құмар шал!.. Белгісі еді ескінің...«Көз жұмды!..» -деп естідім.Иман тілеп қартыма –Дұға қылдым кешқұрым. Жігіт едік жұлындай,Кетті жылдар бұрылмай!..Ақ Жайықтың көктемдеМөңкіп аққан суындай!..                                          1982 ж.