ВЕРНУТЬСЯ

(Әділбай мен Түгелбайға ескерткіш) Ай! Сол күнгі адамның да көптігі-ай!..Арасында тек солардың жоқтығы-ай!..Өлім шіркін жас-кәріңді таңдамай,Тура келсе - қағып түсер оқ бір-ай!.. Кеше бірге сөйлейтін ек желпініп,Жастық шақтың салтанатын келтіріп.Бір бел топырақ салуға да қабіргеЗорға үлгеріп тұрмын, міне, ентігіп!.. Көп күректер төбе басын шаңдатып,Құм суырып көрсетпейді маңда түк!..Тағдырына тістеніп тұр қарт әке –Үндемейді көкірегіне қан қатып. Үндемейді шетте тұрған бір бала,Кеудесінде қайғысы бар зілқара.Жанарынан жас тамады сырғанап,Жас қабірге жалтақтайды мұңдана.Шапқылап жүр құртақандай інісі,Ойнақтайды, басқада жоқ жұмысы...Үндемейтін адамдар мен төбеніңТек сол ғана секілдідей тынысы!.. Азаматтың қайғысынан бүгіліп,Ошарылып тұрған едік кідіріп...«Мына адамдар неге жүрмейд?» дегендей,Әлгі тентек кетті бастап жүгіріп... Азалы үйден жоқтау енді жол салды,Өзекті өртеп, суырып бір қолқаңды.Ас қойылған дастарханды жағалай –Жиналған жұрт үнсіз біраз томсарды. Жесір өксіп, құрбысына зар төккен,Кейуанадан жылай-жылай әл кеткен.Тыныштықты бұзды сол сәт самауыр,Бұрқ-бұрқ қайнап, даусы шығып әндеткен... Қашанғы енді шыдасын-ау ұдайы,Біраз жұрттың кіріп қалды шырайы.Ондайлардың қайғысынан мүләйім –Самауырдың әндеткені шынайы!..Суреттен қарап тұрды сол жігіт –Кең жайылған дастарханға мол қылып...Мен отырдым басын шалып әр ойдың –Көкірегімнен он сан сұрақ өргізіп. «Самауырдай қайнап тұрған шағыңда!..Өмір – күрес қайрап тұрған шағыңда!..«Неге -  деймін,- көз жұмады жақсылар,Гүлдей өсіп, жайнап тұрған шағында?!.» Осы өкініш өзегімді өртеді,Өмір, бірақ, өзінше жыр шертеді!..Бейіт басы түсті есіме тағы да,Түсті есіме сол жігіттің тентегі... Кеудемізде екі сезім күресіп,Тұрғанымен біразырақ тіресіп...Қала алмадық біз бейіттің басында –Ілби бердік сол сәбиге ілесіп. Пенделікпен пенделікпен налимын...Көрсетті ғой іс-қылығы сәбидің!..Ұқтырды ғой самауырдың әуені,Өмір, содан шындығыңды танимын!                                                      1990 ж.