ВЕРНУТЬСЯ

           (Памфлет)                   «Бас дегенің – қарыннан                    Биігірек бітпей ме?..»                                    Жұмекен Нәжімеденов. Нән шаһарда тұратын...Сарай салды бір ақын!..Күнін айтты «жуатын» -Көрсетпекші қуатын!.. Бай – ақынды байқарға –Құтты болсын айтарға!..Шақырғасын - жөнелдікҮлгі көріп қайтарға!.. Пысық деймін асылы,Бүгінгінің ақыны –Қол бұлғайды жалтырап –Коттедждің шатыры...Көп мақтаушы еді береуді.«Мецанат,-деп,- жігерлі!»Жеткен екен ақыры –Тапқан екен тіреуді!.. Ісіміз жоқ өнжейлі*Кім сыйласын мендейді?..Сөзін сата білгендер –Осылайша мөрлейді!.. Алабайлар* - шынжырда...Маңайлама құрғырға!..Жақындасаң – жаныңдыЖібереді жұлдызға!.. Қақпаны өзі ашқаны –Жұртты мәз қып тастады!..Жерді жарып кетердей-Алшаң-алшаң басқаны!.. ...Қол-аяғы істіктей –Жігіт еді жіптіктей...Домаланып қалыпты –Жүрген екен іш бітпей!.._________________________Өнжейлі*- өнімді, өнікті деген мағынада.Алабай* - иттің ірі тұқымы.Шүкір еді дарыны –Өзгеріпті қалыбы!..Құшақтаса бергенде –Тіреп қалды қарыны!.. Таң қалдырды нән залы –Жарқыраған шамдары!..Табаныңда жол- кілем,Қандай екен әр жағы?.. Алдымызға ас келді,Бұрқыраған бас келді!..«Мұндай болмас күнде той» -Көзімізге «жас» келді!.. Ағы менен қызылы,Қысқасы мен ұзыны...Шөлмек келді жымыңдап –Тойдың тентек – қызығы!.. Уылдырық бас-басқа,Не жетеді жақсы асқа?!.«Жаман қарын жарылсын!..»Атқа қамшы бас, қасқа!..Шұбат келді кеселеп,Құйып жатыр еселеп...Тәбет құрғыр тартпайды,Біле алмадым – не себеп?.. Оркестрі дүмпілдеп,Кілең дәулер күмпілдеп!..Қошаметтеп ақынды –Сөйлеп жатыр біртіндеп... Ақын отыр күлімдеп-«Бақыттымын бүгін»-депАғыл-тегіл тілекті-Бойына енді сіңірмек!.. «Көрініп тұр жиғаны –Қандай мұның иманы?..»Деп отырсам, мәссаған,Шыққан екен жинағы!.. Ашық-жарқын дидары-Жігіт қой бұл ибалы...Бәрімізге қол қойып,Бір-бір кітап сыйлады!..«Достарыма – сырым» деп,«Соңғы жазған жырым»- деп...Сосын өлең оқыдыҚолды сермеп, гүрілдеп!.. Жуандарға төрдегі –Қарап қойып өрледі!..Сөзі дәмсіз демесең –Еңбегі ғой, еңбегі! Ақын емес – құлғана*Қу шығыпты бұл бала!..Қирап қапты өлеңі...Тап келгендей зіл-зала!.. Өлеңінен әттең, із,Қалмас, сірә, «қап» деңіз!..Түсінеміз ақынды –Есін алған коттедж!.. «Ғимараттың жан-жағыАман тұрғай» –арманы!..Қорғанындай Қытайдың –Қоршау енді салмағы!.._________________________Құлғана* - тышқанның бір түрі.Мақтау жазғыш немеге –Шарбақ деген немене!..Мінер небір кемеге!..Шығар талай төбеге!.. Ақша жасау – амалы,Тайған екен табаны!..Оны шыңға шығарар –Салып қойған қамалы!.. Өлген екен  бір ақын –Коттеджде тұратын!..Өлгені емей немене –Боқташаққа құл ақын!.. Қожасына арнаған-Әнін айтып сарнаған!..Кең сарайда нем бар ед?..Болып шықты төр маған!.. Тоғышарлық билеген,Мас қатынды сүйреген!..Кісілігі күйреген –Сыймай кеттім үйге мен!..«Отыр, аға, отырлап!..»Ақыным жүр лоқылдап...Мазамды алып барады –Ашу деген қотыр лақ!.. Коттедждің «күйіне»-Түкірдім де биіне!..Өзегімді от жалап –Тартып кеттім үйіме!.. Қор болма  сен, жақсы  өлең!..Абай жазған патша  - өлең!..Коттеджде шайыр жоқ,Шын иеңді тапшы, өлең!.. Біразырақ қышқылдап,Сөз сөйледім мысқылдап!..Кір шалмаған жүрегім –Отырам ба сыпсыңдап?!.                                    2002 ж.