ВЕРНУТЬСЯ

Бір күні көк теңізге жылап бардым –Жұбаныш қу жаныма сұрап бардым!..Айқайлап ол да жылап жатыр екенҚаңғының тыңдамады сұрақтарын!.. Білмедім не істерімді қалбалақтап,Жүрдім де әрі-сәрі сандалақтап:«Мас болып жатыр екен бұл теңіз!..» -деп,Қалама бет түзедім қаңғалақтап!.. Үйім жоқ, жұмысым жоқ жүріп тұрған –Қалада нем бар мені қызықтырған?..Қоянша басқа теуіп қатын-бала –Құдайым қу заһарға құнықтырған!.. Осы ма деп жүргені. «Өмір – балдай!..»Барады көнім кеуіп, төзім қалмай!..Адамға сандығы жоқ біз бір сүлде –Жалғаннан өтіп барам шөлім қанбай!.. Ойым бар у татыған көкейімде:Тағы да теңізіме жетейін бе?..Жүргенше жұрт көзіне салық болып –Біржола  балық болып кетейін бе?!.                                    Шілде -2005