ВЕРНУТЬСЯ

(Ибрагим Алтыбай шығарған әні бар) Алыс қалған жастығым жадымда әлі,Жадымда әлі бұрқасын, дауылдары.Туған жердің ой-қырын шарлаған кез,Жадымдасың алыптың адымдары.         Қайырмасы:Жадымдасың, жастығым арман – күндер,Қиындықтан таймаған тарлан күндер.Туған жердің төсінде мәңгіліккеМұнара боп шаншылып қалған күндер! Жадымдасың, жастығым, қайран күндер,Ерен еңбек, от жалын, сайран күндер.Алпыс бірдің шілдесі, жадымдасыңЖетібайдың атағын жайған күндер.         Қайырмасы: Мұнаралы жастығым – сағынышым,Сені ойласам кетеді жанып ішім.Қол бұлғаған алыстан алау-күндер –Маңғыстаудың сөнбейтін жарығысың!..          Қайырмасы:                                           1999 ж.