ВЕРНУТЬСЯ

Жаңбырға бөккен даланы-ай!..Шомылған... дені тазаны-ай!..Мөлтілдеп жатқан шұқанақ –Көрінер көзге танадай!.. Жаңбырдан соңғы ауаны-ай!..Көкірек ашқан ғажап –ай!..Иісің неткен тәтті еді,Мөлдіреп жеткен самал-ай!.. Ішімді мұңым жаламай,Күмпиді көңіл сабадай!..Шүпілдеп қана отырмынҚымызға толған шарадай!.. Мәз болды жаным баладай,Көтердің көкке ағадай!..Не дейін саған, не дейін?..Мейірбан Күнім – Анам-ай!..                                             1977 ж.