ВЕРНУТЬСЯ

 Жатқан еді ұйқыға тұншығып қыр,Таң алдында жігіттер құлшынып бір...Арпалысқан сәт еді қайрат-жігер...Фонтан атты қара Жер жұлқынып бір!.. Мұнайшылар бір-бірін аймалап құр,Бақыт – тамшы көздерден тайғанап жүр!..Аппақ болып тістері жарқырап жүр...Үстеріне қап-қара май борап тұр!.. Әлі талай осылай таң атады,Тамсантып, құдіретіне қаратады!..Ашыла бер бер еңбекші МаңғыстаудыңМай-май болған ырысты алақаны!..                                                     1970 ж.