ВЕРНУТЬСЯ

                   «Аппақ қарды омбылап,                   Көктем іздеп келем мен».                                   Т.АЙБЕРГЕНОВ.Қанатын жайған әсемКөктемім қайда?..»- десем...Өтіпті «айдан – аман»,Жетіпті «жылдан – есен!..» Көктемім өрлей келген,Желдетіп төрлей келген...Ояттың сезімімді –Жүректе өлмей келген. Жаңбыры – ұйқыашары,Самалы – күй шашары!..Жібітіп тоңдарымды –Жаныммен ұйқасады!..Желпітіп маңдайымды.Ашады сарайымды.Көктем мен ақын біткенӘуелден ағайынды!.. Кеудемнен ағылып ән,Барады салып ұран!..Ұрланып күн қарайды –Бұлттардың жабығынан... Екеуі ақырындап...Ойнайды жасырынбақ!..Сезім-ау көктем деген –Кететін ақылыңды ап!.. Ақылым – Ай қараған...Сәтімді пайдаланам!..Көктемнен бір өлеңді –Осылай байлап алам!..                                1985 ж.