ВЕРНУТЬСЯ

               (Баллада)Бусанып, күрер ме едім сүрі қарды?..Кім сүйер оты қашып, суығанды?..Өлеңім әуелден де шағын еді,Кеудемде соның тақ-тұқ «жыны» қалды!.. Қалың қар болды, міне, ай жатқалы,Көңілдің ұстатпайды жай-жапсары...Жастығым сығалай ма жер түбінен?..Елес бұл қайдан келген, қай жақтағы?.. ...Жас едік екеуміз де қар күреген...Білмеймін, балаң жүрек жанды неден?..«Осы қар – таусылмаса» деп тіледік,Қорықтық: «Анаң қара!..» әңгімеден.. Қар кешіп, қара қарға алшаңдаған!..Жоқ еді сол сәттерде шаршау маған!..Жатырған бұрқыратып омбы қарды...Қайтер ед сонда көзің салсаң маған?.. Жас едік: сен де бәсең, мен де бәсең,Арада – айтылмады сөздер әсем!..Қар шашып ойнауға да жарамадың –Менде емес, жерде жүрді көздер әсем!.....Қыз шіркін қалмайды екен жерге қарап!..Өзіңе талай жігіт қылды талап...Көктемде қара сумен сен де кеттіңМендегі сүт- сезімді қылып шалап!.. Болмасқа – бордай тозып, күнім қирап...Жүрдім де біразырақ, тарттым ширақ.Жас басым көп ұзамай болып тирақ*,Қамдандым жол жүрмекке кітап жинап... ..Бір күні күтпеп едім, хат келіп тұр...Лүпілін жүрегінің ап келіп тұр!..«Бұл несі келіншектің?» деген сауал –Дәркүмән көңіліме тап келіп тұр!.. «Кездестір – бақытыңды алдан!» - депсің,«Қайтейін, аппақ едім қардан!»-депсің.«Бір пысық, сендей емес, қағып кетті,«Шәйгөннің* құлағында қалғам!»-депсің!.. ...Сол жылы Маңғыстаудың күні туып,Мен-дағы Алматы астым, оқу қуып...Кітапқа, басқаға да уақыт тауып,Құтырдық жігіттіктің жыны буып!..______________________________Тирақ*- пысық деген мағынада.Шәйгөн* - шай қайнататын шағын ыдыс.Жігіттік қу арақпен тайласқанда –Шығардық талай-талай «айды» аспанға!»Асылып небір сылқым мойнымызға –Мәз болдық көңіліміз жайласқанға!.. ...Ақыры жалықтырды бойдақ жүріс –Сезімсіз қар кешкендей ойнақ жүріс...Баяғы қар күреген сәттерімнің –Тұрмайтын тырнағына өтті бір іс!.. Сол тырнақ қартайғанда бүрді мені!Бүргені – жүрегімді тілгіледі!..Самсаған қыс-ақпанның сүңгілері –Елестің кемесіне міндіреді... Ат басын әлдеқашан тежегенмін...Құр елес, неге келдің, неге келдің?..Түсімде – қар күретіп ақмаңдаймен,Өңімде – қамалатып кезеген мұң!.. ...Тіршілік базарынан құр қалмаған,Бүгінде біз – жаман шал құржаңдаған...Періште ұшып кеткен неге оралсын –Сондағы тазалықтан із қалмаған!.....Қалтылдап, сыртқа шықсам – таям құлап,Одан да үйдің іші баяндырақ!«Үйкүшік тірлігімнің күні құрсын!» - Десем де, жаны құрғыр аяулырақ!.. ...Ақ қардай кіршігі жоқ алыс жылдар,Құдай-ау, жер түбінде қалыпсыңдар!..Апырмай, мына күннің қақауын-ай,Көзімнен сырғанатып қар – ұшқындар!.. ...Білмеймін, елес кезіп, адастым ба?..Бір пәле күтетіндей жар астында...Көктем кеп, сирағымнан суырмаса –Біржола қалдым, міне, қар астында!.. ...Күндер-ай, он жетім-ай, балғын едім...Қонақтап көкіректе қалды демің!..Опырмай!.. Елу алты үскіріп тұр...Қайтейін, өлеңіммен қар күредім!..                                                        2003 ж.