ВЕРНУТЬСЯ

Мұртты гүржі* билеп тұрған заманда,Тұрмыс елді илеп тұрған заманда...Соғыстан соң көзін тырнап ашқандар –Жолыққанбыз нан көрмейтін зауалға!.. Ердің көбі өрт – майданда жұтылып,Аз малыңды «займға» деп сыпырып!..Бала-шаға, шал-кемпірдің үстіненУақыт желі соғып тұрды құтырып!.. Қатын-қалаш белбеулерін шұбалтып,Ертелі-кеш қағатын-ды құмаршық.Бейшаралар оралатын діңкелепАрқасына жібергендей құм артып!.. Ашқан қарын – тамақ түрін таңдай ма?..Жаратқанның бергені сол маңдайға!..Құмда өсетін құмаршықтың талқаны –Татыр еді тақылдаған таңдайға!.. Не күтесің жоқтық көрген санадан?..Кешір мені ақ бөлке мен таба нан!..Баладайын кейде отырам телміреп –Құмаршықтың талқанына қараған!..                                                        1980 ж.______________________Құмаршық* - құм өсімдігі.Мұртты гүржі* -И.В.Сталин.