ВЕРНУТЬСЯ

Сағынып бауыр – қимасты,Көкіректі мұң басты!..Көзіндей көріп өзінің –Құшақтап сүйдім Мирасты!.. Жанарымнан жас шықты –Көңілдегі тас шықты!..Жүрек- күбірткейлініңСары суын шапшытты!.. Үндемейді ұл Мирас,Көп ойнамай жүр Мирас.Алты жаста әкеден –Қалып еді бұл Мирас. Жарқырап тұр күн бүгін,Жадырашы, құлдығым!..Енді қайтып тағдырың,Көрсетпегей сұмдығын!.. Жетім қалған үйіңнің –Көтереді жүгін кім?..Кенжесі ғой бұл Мирас –Былтыр өлген інімнің!..                            Наурыз – 2006