ВЕРНУТЬСЯ

(Жәкібай Құрмантаевқа) Жалаң аяқ құм-көшені шаңдатып,Күні кеше бір жүгірген тентек ек...Балалықтың бал-базарын шаңға атып,Айрылысып кеттік біздер ертерек!.. Біраз болды тастап кеттік, ол рас,Жұлдыз санап отыратын түндерді.Арман атты асау тұлпар мойымасЕкі тарау жолға салды біздерді!.. Мүмкін, сенің тығыз шығар уақытың,Күнделікті жұмыспенен жүргенде.Көркіменен шығып қалған аты тымКөрші қызың алаң қылып жүр ме әлде? Абзал досым, жазбай кеттің көптен сен,Қалдым ғой мен әндеріңді сағынып.Кейде сұрғылт күндерімді өткерсем –Жалқы жүрек кететіндей жарылып!..                                                        1971 ж.