ВЕРНУТЬСЯ

              (Памфлет)Қабағын жүрген кісі түйіп ерен –Көшеден сол ағамды жиі көрем!..Дәудірлеп анадайдан сәлем берем,Қайтейін адам-тағы киік емен».. Бұл ағам тоқтау бермес шамалыға,Сөйлейді ашу жиып қабағына:«Қадалсын – дейтін едім,-маңдайыма –Інімнің кірген тікен табанына!.. Әлі күн ісің шала – тарыдайсың,«Орыссың» ағайынды танымайсың!..Білмеймін, көп оқумен – не бітірдің?..Мұнымен туысқанға жарымайсың!..» Сөздері көңіліме татымай түк,Қараймын көзімді құр бақырайтып!..Құдай-ау, қайта-қайта қолын сілтеп,Ағам тұр үсті-үстіне ақыл айтып: «Жүрісің кімге керек төресіген?Үйіңнің су ағып тұр төбесінен!..Ауылда жалғыз өзің – «Жаяу Мұса»,Нарықтың қалып қойдың кемесінен!..Тура сөз жеткізе ме мақсатыңа?..Сөйлейсің жиналыста мәстатыңа*!Газетте қалталыны мақтап тұрсаң –Шығарар кітабыңды ақшасына!.. Көзіңді аш, айналаңа қара, бала!..Бүгінде бақ береді – пара ғана!..Ұрмайды кісілікті мына заман,Құр босқа қанатыңды сабалама!.. Шұбырған мына жүрттың ісі – жүлік!Тұрады берсең ғана – іші жылып...Сені де Қожанасыр санайды олар,Бетіңе қарағанмен - тысы күліп!. Ақылды жатқанымен құйып ағам,Бір сөзі қауағыма ұйымаған!..Көрмеймін әңгімесін шыбын құрлы,Не деген ақымақпын – «тұйық» адам!.. Жайыңа қоймас, бірақ «тасқын» ақыл,«Болсам да неше батыр», састым ақыр!..«Сөзіңіз – аузыңызда»»-дедім-дағы,Ағамның «оқуынан» қаштым ақыр!..Сөзімнің оны ұмытсам  - болмас дәмі,Сол еді ағайынның «қолбастары»!..«Джиптен» түсіп жатыр шоң-ініміз,Ол-дағы, қарап тұрмай сөз бастады: «Белгілі талайларға атың аға!..Өзіңе өкпелімін ақын, аға!..Тойыма келмегенің -  не болғаның,Бұл інің жай адамды шақыра ма?! Бүгінде атың керек елге тегі,Оқытып мақтау өлең, желдетеді!..Ініңнен қызыл сөзді аядың ба,Көтерсең мәртебемді – нең кетеді?!.» Ініміз қызарақтап, ісінеді –Бұл да бір жаратпайтын «кісім» еді!..Ақша алған есіл-дертін бейшараның,Мұндайлар өлеңнен не түсінеді?.. Бұлар тек біледі ғой – алатынды...Күмпілдеп, сайран құрып қалатынды!..Келгенде кісілікке – бәрі ноқай!..Пенделік базарында – бәрі ақылды!.. Сауысқан –  кісімсиді-ау қарлығашқа!..Қайтеміз бас ауыртып мандымасқа!..Көшеге шыға қалсаң – кіл «данышпан»!..Сөзімді қор қылдым-ау арзымасқа!..                                                   2001 ж._________________________________Мәстатыңа* - «құр далаға, құр босына» деген мағынада.