ВЕРНУТЬСЯ

(Н.Некрасовтан)Кеудемен, иығымен, қыл арқанмен –Тартады-ау дәу қайықты қыл арқанмен. Бұршақтап тұла бойдан төгіліп тер,Қапырық талма түсте төзімін жер!.. Шаршаңқы дауысымен жылап тұрып,Шырқайды-ау «Емен» жырын құлап-тұрып. Батырдың ұйқысымен оянады ол –Жеткізбей нән қайықты қоя ма ол!.. Моншада терін сүртіп, таң  атқанда –Көр оны айлақ жаққа баратқанда!.. Үшсомдық қыстырулы белдігінде,Уақ та бар – қарайлайды енді кімге?.. Тоқтаусыз қабақ жаққа қарай барып,Әуелі тұрып қалар сәл ойланып... Алдымен бір-ақ тартар арақ алып,Жайланып көңіл шіркін қалары анық!.. Қутыңдап кеткендей ме – жасарып тым?..Әйеліне базарлық – мата алыпты... Қарындасқа – орамал, балаларға –Ойыншық – ат алмайтын шама бар ма?.. Ұмытпай шіркеуге де тәжім қылып,Кешеңдеу барады енді жолға шығып... Үйіне қашан жетер? Жер де алыс...Құдайым! Жеткіз оны, бер демалыс!..                                                        1971 ж.