ВЕРНУТЬСЯ

          (Әзіл- шыны аралас)Кемпірім күңкілдейді: - Алжығыр! – деп,-Байлама құйрығыңа қалжуыр! – деп...-Мен өзім туылғаннан кінәз* едім,Қалайша отырамын жаужұмыр жеп?!. Сен мені оқытпашы, Айман – шырақ!..Әуелден таңдағаным – майдан-сынақ!..Қартайса – тән қартаяр, жаным барда –Мұндайға отырайын қайдан шыдап? Тұтқасы дүниенің әкім деп ең?..Шалыңды: - Бас сағаттап жатыр! – деп пе ең?..Иттермен ұғысар ем – ит емеспін,Соларға талай-талай қапым кеткен!.. Қаланың қызы емеспін, алма жеген...Анамыз: - Ұл тудым!.. – деп қалжа жеген.Өсірген кәрі шешем қайсар қылып,Ар сатып, байымадым саудаменен!.._____________________________Кінәз* - төре, кірпияз деген мағынада.Жақсыға – ақ жаңбырдай себеледім,Жаманға – асау аттай тебегенмін!..«Шалғымын – шал емеспін, шауып кетем!..»«Шал» десең – он жыл бұрын неге келдің?.. Бұл Айман – тапқан екен шалды бұққан!..Жалғанда біреу бар ма жанымды ұққан?..Шал болсам – қос тентекті кімнен тудың?..Емес-ау көктен түскен, жерден шыққан!.. Білесің, екі-үш жылдан үстім қотыр,Жұқпалы кесел емес, адам шошыр!..Бұл өзі - әкімдердің «сыйлығы» ғой,Ішіме сыймай, сыртқа шыққан нөпір!.. Сапырап саясатты қоқыр-соқыр...Жүйкені қара қарға күнде шоқыр!..Демалсын бір азғантай алтын тәнім,Сен кемпір, қышындырмай, жөніңе отыр!.. Шалменен – кемпір сірә жау болады!..Арада сәлдекейден* дау болады!..Дегенмен, аналардан бұл да жеңіл,Салыстыр: қарақұрт пен қандаланы!..__________________________________Сәлдекейден* - «сәл нәрседен, сәл заттан» деген мағынада.Бұл міне – маңдайыма мөрім білем!..Шалыңды іздей көрме төгіндіден!..Қоғадай жапырылу қолдан келмес:Не істеймін?.. Не қоямын?.. Өзім білем!.. Білерсің қадірімді өлгенімде,Ел-жұртым «Мешітбайға» көмгенінде...Жыларсың: - Қайтпай ұшқан қаршығам!..- деп-Артымнан жоқтау айтқан сөздеріңде... Болғасын мекен басқа, тұрақ бөлек,Естілмес, сірә даусың құлаққа кеп...Басыма әкімдер де барар мүмкін:-Өлгені қырсық шалдың рас па?.. – деп!                                                Ақпан – 2006