ВЕРНУТЬСЯ

Бұзылды-ау өңім, қысылды-ау менің алқымым..Домбырам шегі үзілді-ау тапай тартуын!..Сарғайтып өтті арада жылжып сан жылдар,Сағынтып әлі келесің мені, алтыным! Жүргенмен қазір құландай безген қағынан,Мен түбі, күнім, қасынан сенің табылам.Сен берген қайғы, сен берген азап – бір өмір,Қолдан жасаған қуанышымды не қылам?! Көзіме толып найзағайлардың жарқылы,Кеудемде менің шулаған қаздың қаңқылы!..Арманшыл жүрек ақын боп кеттім ақыры,Өлмейтін сол бір сезімді жырлау арқылы! Үмітпен келем, күдікпен келем қанша жыл...Төбемде бұлтым төгіп те төгіп жауса бір!..Алыстап қалған тайраңшыл – тайлақ -  күндерім,Бас біліп қалдым арқамды тіліп қамшы өмір.                                                                1981 ж.