ВЕРНУТЬСЯ

«Ақшаны – жақсы көрем!..»                              А.С.ПушкинҚаржының қиындығын – кешті Пушкин...Пенденің қалтарысын – шешті Пушкин!..Артына қалдырыпты кепті Пушкин:«Ақшаны жақсы көрем!..» - депті Пушкин!.. Шіркіннің көкірегі кең екен-ау!..Жасырмас осал тұсын ер екен-ау!..Әңгімең, шындық қасқа, берекелі-ау!..Пендеде – осы жағы  кем екен-ау!.. Қамы үшін тіршіліктің – зырылдарсың...Қу қалтаң тесік болса – шырылдарсың!..Алтынды көрсең, жаным, жымыңдарсың –Ақшаны жек көретін кімің барсың?..                                            Сәуір – 2006