ВЕРНУТЬСЯ

Қайда, төр – менде...Едім өр кеуде!..Аштым жүректі –Жаным сенгенге!.. Болдық бір «мықты» -Сөйлеп шындықты!..Біреу – сескеніп,Біреу – үздікті!.. Көңіл марқайып,Күлдік шалқайып!..Мақтау тыңдадық –Құлақ қалқайып... Уақыт зырлауық – Өтті ұрланып...Шындық тасада –Қалды шырмалып!.. Көкте – жүрдік те,Жерді – білдік пе?..Күннің – күнінде –Шөктік күлдікте!... Мезгіл күшін-ай!..Қылған ісін-ай!..Сұп-сұр безерген –Күлдің түсін-ай!..               Қараша -2004