ВЕРНУТЬСЯ

Қазақ деген халықтың сарбазымын,Ата-бабам қанындай ар-намысым.Атқа мінер күн тусаайыл жимай,«Аттандайтын!» азулы мен де арысың.Өктемдігін кеше алмас өзгелердің,Өр мінезді, асаулау, боз дөненмін.Көңілім де даламдай дархан-дария,Әулиемдей пір тұтам сөз-өнерін.Мен – қазақтың ұлымын, түркі – тегім,Қия-құздың қайсарлау бүркіті едім.Тақымыма тар келер құзғын-қарға,Кез келгенін тағының үркітермін.Жүре алмаймын тегінде бұғып төмен,Жаралыппын от мінез-құлықпенен,Туған ел мен туған жер тағдыры үшінЖанып-күйіп тұрмай ма жігіт деген?!

Автор: