ВЕРНУТЬСЯ

Нағашы атам қырымқұл Нәсірқұл деген кісі жаны нәзік, мінезі – жасын, сөзі – мір адам еді. Арабша хат таныған, бір сандық діни кітаптары бар болатын. Біз оның бәрін құран дейтінбіз. Атам таң сәріден тұрып ылғи құран оқып отыратын. Сол нағашы атамның Ақсырға, Дәмет, Ақсындар деген үш қызы бірінен соң бірі бойжетіп, Ақсырға руы – Адайдың ішінде Бектеміс Ізтұрған деген жігітке күйеуге шығады. Арада біраз жыл өткен соң екінші қызы Дәмет те руы Адайдың ішінде Бектеміс Ізтұрған деген жігітке күйеуге шығыпты. Арада тағы бірнеше жыл өтеді. Бір күні бойжетіп отырған кіші қызы Ақсындарға көрші ауылдан біреулер құда түсе келіпті. Құда түсушілер келген шаруларын айтып болып, жауабын күтіп кешке дейін отырады. Оларға «жоқ!» деп те айта алмай, «иә!» деген жауабын да бере алмай  Нәсірқұл атам үйге бір кіріп, бір шығып жүреді де ақыры үйге кіріп, босағада тұрып:-Өздерің де біліп отырсыңдар, Ақсындардан үлкен екі қызымның екеуі де күйеуде, екі күйеу баламның екеуінің де аты – Ізтұрған, екеуінің де руы Бектеміс. Егер сенің де балаңның аты – Ізтұрған, руы – Бектеміс болса, бұл қызды да алып жүре беріңдер, - деген екен.  Талай сөзің ел ішінде,Айтылады әлі күн.Асыл сөзің мен үшін де,әрі қызық, әрі мұң. Қазір сол бір кезің елес,Сөзбен елді бұратын.өзгелерді өзің емес,мысың басып тұратын. Сол күндерден бастау алған,Келіп-кетті отыз күз,өзің жүріп тас қалаған,сол жұртыңда отырмыз.Жалау қылып көтергенің –Шаттық.Ол да сынды мың.Бір Ізтұрған - әкем менің,Ол да жапты түндігін. Қабір деген тар мекендіКөрпе қылған сан кие,Саясына алды әкемді,Анау Қамысбай әулие. Жетелейді төзім де алға,Ой деген бір жегі ғой.Ақсындар да өзің барда,Тұрмыс құрған еді ғой.Елге сыйлы жездеміз бар,Аты – Сәбит бірақ та.Бала-шаға, өзгеміз бар,Өтіп жатыр күн-апта. Сәбит жездем – ел билеген,Жүрегі күй-домбыра.Асыл сезім әлдилеген,Бағы апамның жанды да. Кетті талай көктем, күз кеп,Бейнең естен кетпей жүр.Ал Сәбитке:- Атыңды өзгерт! –деуге батыл жетпей жүр.