ВЕРНУТЬСЯ

           КазПИ-дің мен айналдым аруағынан, 
Қашанда нұр
саулаған шаңырағынан,
Бәрі де содан
шыққан, содан өскен,
Ұлдардың
"қазағым" деп салған ұран.
Кешегі Байтұрсынның
Ахметі,
Көп тартқан қазақ
үшін тақсіретті,
Ол дағы дәріс
оқып, аз күн жүрген,
Жүз аттап
босағаңды қасиетті.
Ғалым аз Құдайберген
Жұбановтай,
Ахаңнан кейін туған
бір алыптай.
Еңкейіп
есігіннен ол да кірген,
Сыйлаған аруағыңды
құлазытпай.
Одан соң басталатын ұлы шерік,
Ұстаздар бір-біріне
бірі серік,
Сәрсекең
Аманжолов келе жатса,
Жол беріп, кақ
жарылып тұрушы едік.
Бәрі де еткен күн деп ойлағанда,
Тарихтың теңізіне
бойлағанда,
Келеді көз алдыма
солар менің,
Бұл күнгі
наурызды тойлағанда.
Қарт ҚазПИ, жаңа ҚазПИ - бәрі, осында,
Біз тұрмыз сол ұрпақтар
арасында,
Қазақтың білімі
мен қасиеті
Сақталған алпыс
жылдай шамасында.