ВЕРНУТЬСЯ

          Қорқамын, осы кәзір
неге мен?- деп, 
Болған соң өзім
дербес, егемен,-деп,
Сұраймын өз-өзімнен,
қуаттанам,
Сонда да тұрғандаймын
тағы елеңдеп.
Жібердік "шекті" бұзып, "араны" ашып,
Түбінде қаламыз
ба қара басып,
"Қыз
алып", қыз берісіп" дегендейін
Барады қара
шүршіт араласып.
"Қар жаумай, қазан үрмай" деген нақыл
Тал түсте біз қаламыз неге қапыл?
Үйіндей әкесінің
"әләуләйлап",
Тайраңдап тар
көшеңде келе жатыр.
Осыған жанығады жаным күнде,
Қорқамын
жетпейтіндей әлім мүлде,
Бір кезде
миллиард пұт астық алсақ,
Сен бүгін
миллиард қытай алып жүрме!
Қалғанбыз екі ғасыр жер қорғаудан,-
Жер сату - болса
бүгін білген саудаң,
Жүрмейік Ахаң
айтқан баяғыда
"Бір өртке
кезігіп қапшыққан қаудан".
Қорқамын айыптама мені, ағайын,
Демеймін
"уайымды жеп алайын",
Сонда да күні бұрын
діріл қағып,
Қорқамын,
қорқатын тек
мен болайын!
* * *
Көшеде бір ит көрдім,
Жер бауырлап жылжыған.
Кешегі сау біткен
күн
Ауызында үзім нан.
Қос жамбасын байғұстың
Жанып кеткен әлде
не,-
Салады кеп бар күшін
Жарты ғана сау дене.
Алдыңғы екі аяқ пен
Баста қалған
тіршілік,
Көргенімде аяп
мен,
Кетті денем түршігіп.
Тапа-тал түс жарық күн,
Қарап болмас көз әсте,
"Ит жанды" деген халықтың
Түсті сонда сөзі еске.
Әрең жетіп тасаға
Жатты байғұс
нанын жеп,
"Өмір деген
осы ма
Біз қимайтын
қадірлеп?"
Деп мен ұзақ
ойладым.
Қапы жерде қамығып.
Қайуан екеш
қайуанның
Кеудесінде бар
үміт.
Кетем деген жақсарып,
Жақсылыққа
жолығып,
Жүрген кеуде,
басты алып
Шығар, бәлкім,
сол үміт.
Нәрсе ме осы
ойланбас,
Анау үміт
титтей-ақ,
Өтесің-ау, қайран
бас,
Адам түгіл итті аяп...
* * *
Келді көктем қыс
бойына кір басқан,
Кейде қара, кейде
сұйық, сұр аспан.
Енді міне көк
нөсермен тазарып
Дүниеге жас
сәбидей көз ашқан.
Ақша бұлттар,
найзағайлар анталап,
Анасына сағынышын
арқалап,
Келіп жатқан
перзенттері секілді
О, тәңірі, о,
мәңгілік махаббат!
Кеткен аспан жайдағыдан биіктеп,
Даланың да көркі неткен сүйікті ед!
Гүлдер-қыздар жұпар
шашып тұрғандай
Мына тойға бар
асылын киіп кеп.
Сонда сонау көк жүзіне қарадым,
Жалғыз ноқат - боз торғайы даланың
Бір орында мық шегедей қадалып,
Төкті дейсің
көмейдегі бар әнін.
Күннің нұры,
қыстың жыры қосылып,
Сорғалады төмен
қарай жосылып,
Дүр сілкінді
жердегі бар тіршілік
Ән-баспалдақ көк
жүзіне жол шығып.
Сол жолменен
жоғарыға ұмтылып,
Ауа мөлдір, ән де
мөлдір тұп-тұнық,
Тыңдады-ау бір
бозторғайын өзінің
Сол бір сәтте
жатқан дала тік тұрып,
Бақытты ғой
көктегі құс ол да аса
Сол биігі, сол
мекені қолдаса,-
Далаңның құр далиғаны не керек
Боз торғайы, оз торғайы болмаса!
* * *
Бір жарым ғасыр
Бір есім асыл
Жадыңнан аста
кетпей тұр.
Туғызған соны
Шыңғыстың жоны
Аспанға аз-ақ
жетпей тұр.
Жетпейді оған
Керемет туған
Кемеңгер басын құраса.
Абай ғой,- дедің
Қазақтай елдің
Төбесі кім?- деп
сұраса.
Жабықсаң егер,
Беретін шебер
Көзіңнің жасын құрғатып.
Адамның нары -
Абайдың бары,
Әкенің бары - бір
бақыт.
Тұлғасы
алып.
Бір өзі халық
Туар ма кісі Абайдан.
Ақылы - теңіз
Аспанмен егіз
Кеудесі алтын сарайдай.
Батыстай сабаз,
Шығыстай маңғаз,
Жаһандай байтақ жаралған.
Сондай бір ұлды
Тудырып тынды
Қазақта қандай бар
арман!