ВЕРНУТЬСЯ

    Айқара
меймандарын қарсы алып гүл,

Таллинде
Әнші дала - ән салып тұр!

Күмбезден
көтерілген күміс үнді

Тыңдайды
Балтық ұйып,

Тамсанып
қыр...

Жасырса,
керінбейтін атты кісі,

Жан-жағы
жасыл жидек.

Бақтың
іші -

Шұбырған
адам сонша!

Саңылау
жоқ!

Қозғалса
қалатындай қақтығысып.

Қаптаған
халық мұнда қарағұрым,

Ән
салып көріп пе еді дала бұрын?

Бұл
жерде күлкімен тек қуаныш бар,

Жабырқау
жан көрмейсің жанары мұң!

Жап-жасыл
дүниеден жақұт тұнып,

Осында
жиналған ба, бақытты жұрт?

Делебең
қозады екен билегің кеп.

Орныңнан
оқта-текте атып тұрып.

Ардагер
ағалар да,

Жас
та мұнда,

Қосылып
кете ме әнге қас-қағымда?!

Хор
айтып жатқан сынды Әнші дала,

Жерде
-адам,

Бұлбұл
сайрап аспанында!..

Білмеймін,
қасиетті қаншалық бұл?

Тындайды
бар дүние тамсанып бір.

Қызығып
қимай кеттік...

Содан
ба екен,

Сол дала көкірегімде ән салып тұр!