ВЕРНУТЬСЯ

"      Нұрлан Мырқасымұлы Оразалин 1947 жылдың 13 маусымында Алматыоблысы, Ұйғыр ауданы, Көкбастау ауылында дүниеге келді. 1965 жылы орта мектептібітірген соң, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуғатүсті.Еңбек жолын 1970 жылы "Қазақстан пионері" (қазіргі "Ұлан")газетінде әдеби қызметкер болып бастады. 1972-1984 жылдар аралығында республикаМәдениет министрлігінің репертуарлық-редакциялық коллегиясында редактор, ағаредактор, бас редактор қызметтерін атқарды. 1984-1986 жылдары республикалыққуыршақ театрының директоры болды. 1986 жылы Қазақстан театр қайраткерлеріодағының бірінші съезінде одақ басқармасының бірінші хатшысы болып сайланып,1986 жылы өткен КСРО Театр қайраткерлері одағының бірінші съезінде басқармақұрамына енді. 1990-1993 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды.1993-1996 жылдары "Егемен Қазақстан" газетінің бас редакторы қызметін атқарды.1996 жылдан бері Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы.{mospagebreak}Н.Оразалин - ақын, драматург. Оның қаламынан туған "Беймазакөңіл", "Көктем көші", "Жетінші құрлық", "Адамзатқа аманат", "Құралайдыңсалқыны", "Ғасырмен қоштасу", "Сырнайлы шақ" атты жыр жинақтары мен "Шырақжанған түн", "Аққұс туралы аңыз" пьесалары оқырмандар мен көрермендерденкезінде жақсы бағасын алған. Ол - Қазақстан Республикасының еңбек сіңіргенқайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Алматы қаласының құрметті азаматы.Қазақстан жазушылар Одағы басқармасының төрағасы, ҚазақстанРеспубликасы Премьер-министрінің кеңесшісі, танымал ақын, драматург, көрнектіқоғам қайраткері, Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері, мемлекеттік сыйлығыныңлауреаты, Алматы қаласының қадірлі азаматы. Н.Оразалин- жаңа заманғы қазақ поэзиясы ақындарының бірі, көптегенәдеби-көркем сыншы мақалалар мен публицистикалық мақалалардың авторы. "

Нұрлан