ВЕРНУТЬСЯ

Өзге бiреу өтсе иiнiне қол салып,Құрбы қызға қарайсың сен томсарып.Жастығыңа күйiнесiң iшiңнен,Өйткенi сен сезiмталсың соншалық!.. Көп нәрселер көңiлiңнен кетпейдi,Бiр ару қыз сенi арман етпейдi.Шын берiлiп сүйер едi-ау ол сенi,Жырың да оның жүрегiне жетпейдi!.. Жанарыңда жас тұрады мөлтiлдеп,Өшiрейiн бұл қайғының өртiн деп,Қалам алып,қағазыңа үңiлiп,Столыңда отырасың сол түн көп... Бiрақ жыр да оңай емес бiлгенге,Өлең -өлең бола қоймас бiр демде.Сол аруың кемпiр болып үлгiрдi,Сен жыр жазып ұнаймын деп жүргенде!..                         Қаңтар, 1970 жыл.