ВЕРНУТЬСЯ

     1935 жылы 16 мамырда Шығыс Түркістан олкесінің Іле аймағынақарасты Мүкей-Қаратас деген жерде туған.Бастауыш білімді Сарыбұлақ мектебінде алып, Құлжақаласындағы "Білім жұрты"деп аталатын гимназияда оқыған.     1951 жылы Үрімші қаласында ашылған Ұлттар институтының тіл және әдебиетфакультетіне түсіп, оның екінші курсын аяқтағаннан кейін, "Шыңжаң газеті"редакциясына қызметке тұрды.Бұл жылдары сол газетке және"Шұғыла" журналына өлеңдері жиі жариялана бастайды.    1955 жылы атамекені Қазақстанға көшіп келіп, 1961 жылы Қазақ мемлекеттікуниверситетінің филология факультетін бітіріп шығады.     Біраз жыл Қазақ КСР Ғылым академиясының Ш. Уәлихановатындағы Тарих, этнография және археология институтында кішіғылыми қызметкер, одан кейін Қазақстан Жазушылар одағының керкем әдебиеттінасихаттау бюросында нұсқаушы,республикалық Кітап палатасында бөлім меңгерушісі, "Жалын" баспасындааға редактор болған. Қазақтың қара өлеңін жинап, екі томын бастырды.     Шығармалары:Тұңғыш. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ. 1964; Мейі-рім. Өлеңдер.А., "Жазушы ", 1975; Ләйлә.Өлеңдер. А., "Жалын ", 1977; Көкорай. Өлеңдер. А., "Жалын",1979; Балқарағай. Өлеңдер менпоэмалар. А., "Жазушы", 1981; Сәулет. Өлеңдер мен поэмалар. А.,"Жазушы ", 1984; Таудай бол! Өлеңдер. А., "Жалын", 1984;Белжайлау. Өлеңдер менпоэмалар. А., "Жалын", 1985; Расти большим. А., "Жалын",1985; Өркеш. Таңдамалы, А.,"Жалын", 1987; Баркөрнеу. Таңдамалы, А., "Жалын", 1992;Керімтал. А., "Жазушы",1994; Жарапазан. А., "Балауса", 1995; Суретті әліппе. А.,"Өнер", 1996; Әріптер әлеміне саяхат. А., "Интерпечать",1999. Өрбұлақ. Өлеңдер. А., "Ануар", 2000;Тәуелсіздік тартулары. А., "Өнер",2001. 

Оразақын