ВЕРНУТЬСЯ

        Саған
қояр бар үлкен сауал, адам,

Сауалыма
қайтсем мен жауап алам?

-      Туғанымыз рас па, соны айтшы, сен,

Адам
Ата һәм сұлу Хауа Анадан?

Таңырқаймыз
аңызға:

-      Дұрыс па? - деп.

Тірлік
жоқ та, әрине ырыс та жоқ!

Топырақтан
жаратып Адамды Алла

Тапсырыпты:
"Өмірмен тыныста!"
- деп.

Солай
дейді тауратқа сенсек егер,

Шындыққа
да, бәлкім бұл келсе келер.

Қабырғадан
жаратып Хауа Ананы:

"Бала
тап, - деп айтыпты, - емшек емер!"

Хауа
Анаға сымбат пен мүсін берген,

Ал
Адамға - Антейдің күшін берген!

Табыстырған
бұдан соң бұл екеуін,

(Шүкіршілік
етемін- ішімнен мен!)

Ғашық
болып, бір-бірін сүйген бірден,

Қадірлеген,
қошамет - сыймен жүрген.

«Бірі
- еркегі болсын, - деп, -

бірі
- әйел»
-

Яхве
Құдай екеуін үйлендірген...

Одан
соңғы тіршілік - түсінікті...

Табыстырған
Тәңірдің ісі - мықты!

Суда
- балық, көкте - құс...

Барлығын
да      

Билеуді де Адамға ол - ұсыныпты.

Ләззатпен
күн кешіп, таң атырған,

Содан
бастап адамзат жаратылған!

Сегіз
жүз жыл Атамыз жасағанда

Жалғыз
ұлы
- Сиф деген бала туған.

Болса ұрпақсыз,
адамзат:

"Өлді!"
деңдер -

Шөл
секілді жаралған көлді көрмей.

Сифтен
- Енос, Каиннан - Мафусаил,

Хауа
Ана мен Адамнан өрбігендер!..

Өз
ғұмырын
езі жеп тауыса ма адам,

Ажал
деген "итті" олар жау санаған.

Адам
Ата тоғыз жүз жасында да

Шалдар
құсап қазіргі қаусамаған!

Адам
күлсе - әлемге нұр тараған,

Хауа
Анадан туған сол ұрпақ
аман!

Екеуінің
ешқашан басы ауырып,

Ғұмырында
бірде-бір сырқамаған!

Ғажап
болған бұлардың тірлігі де,

Ұқсап
өткен
балауса - қыр гүліне!

Қыл
өтпестей арасы - тату болған,

Қабақ
шытып кермеген бір-біріне!

Адам
Ата Хауа Ана қосылғанда,

Бақыт
тұрған
екеуін тосып алда!

Дұшпаны
жоқ!

Тек
қана досы бар да!

Мың
жасауы бұлардың осыдан да!

Содан
бері қаншама ғасыр өткен!

Көбі
соның - қайғымен, қасіретпен:

Кей
дәуірдің қан-сөлі тасып өткен,

Талай
жанның жазықсыз басы кеткен!

Алдымызда
тұр күтіп
ғасыр нендей,

Құрметтейік
кім болсын, масыл көрмей.

Жер
шарының байтағын мекен еткен -

Адамзатқа - Адамның жасын бергей!