ВЕРНУТЬСЯ

Төбесіне іліп айды аппақ,Жаныма келді түн-пері,Ошақтың оты ойнақтап,Алқызыл шашын сілкеді. Шапшиды түнге есіріп,Мақтанып анау бұлаққа.Қара түн үркіп,Тесіліп,Шегініп қарап тұр отқа. Ұшады жынды көбелек,Лаулаған отқа қонбаққа.Таңдантып түнді керемет,Лаулап бір ол да жанбаққа.Ұшады-ай келіп қалбақтай,Көрмейді-ау, сірә, жанар түк.Шарқы ұрып жүрген қаңбақтай,Жан дүниесін жоғалтып. Тірлік қой ол да түймедей,өмірге үнсіз келеді.От көрсе,қалар үймелей,өртеніп сосын өледі.