ВЕРНУТЬСЯ

Отыз
бес джеген жасымда,

Михнат
түсті басыма.

Ағайын-туған,
қарындас,

Еркіменен
көсіліп,

Келе
алмады-ау қасыма!

Құмар
едім шабысқа,

Саяқ
кеттім алысқа.

Жүгірмейін
десем де,

Шыдамадым
намысқа.

Көп
ұйғарды, мен салдым,

Қыл
арқанды болысқа.

Ел
кесігі жақпады,

Ғаділ
деген орысқа!

Қамақ
болып тұрағым,

Ішімдегі
жалынды

Бәйіт
жазып шығардым.

Елден
хабар ала алмай,

Тарс
(тас) жабылды құлағым.

Қайырлы
қыл деп бір алла,

Іштен
толқып тынамын.

Орта
жүздің ішінде

Қаракерей
ұраным.

Жанға
демеу жақсы аруақ,

Сізден
медет сұрадым.

Жасығаным
жарамас

Жасығанмен
мұңайып,

Қайғы-шерің
ұлғайып,

Жанашырың
болмаса,

Қайырылып
ешкім қарамас.

Жолдас
болсаң жақсымен,

Жамандық
ойға санамас.

Жарық
дүние қызығы,

Бізге
болды-ау зарығып,

Қайғыменен
қарайдым,

Сағыныштан
сарғайдым,

Бұл да
алланың бұйрығы!

Ел-жұртымның
күйігі

Ішімде
от боп жағылып,

Басымда
ерік қалмай тұр,

Айдауылға
бағынып,

Қапысы
көп жалған-ай,

Құрбыласың
сен қалай?

Құтылар
амал болмай тұр,

Кең дүние
тарылып,

Жетім
атамнан бері қарай

Көрмеп
едім тарығып.

Көп,
көп сәлем айтыңдар,

Құрметлі
анама,

Талпынып
ұшқан ақ сұңқар,

Қолыма
қайтып қонар ма?

Мен
сағындым жұртымды,

Жұртым
еске алар ма?

Қайрылмастай
күн туды,

Қатын
менен балаға.

Ерден
белгі табылмас,

Берік
болмай жараға.

Бізді
ұлықтар жазыпты,

Сарат
деген қаламға,

Күнімді
жатқа қараттың,

Азабын
тарттым қамақтың.

Базарын
қайран ғұмырдың,

Набақтыға
тонаттым.

Қашықтағы
Сараттың

Төрт
мың шақырым жол дейді,

Бір
кеткен соң елінен,

Пендеңнің
ісі өнбейді,

Мен
қайтейін қапа боп.

Қасіретін
Еділден

Көрген
адам зор дейді,

Айналасы
заполют,

Терезесі
темірден,

Қоршалған
тор дейді.

Жырақтан
дәм бұйырған,

Ырыстан
боп жиылған

Тоғыз
мыңдай қол дейді

Айдауылы
түрменің

«жиналыңдар,
бол!» - дейді,

Құдай
салды, мен көндім,

Күтейін
деп ақырын,

Мұны
жазған пақырдың

Естігені
сол дейді.