ВЕРНУТЬСЯ

         Жаңа жиырма бірінші ғасыр өткен дәуірмен салыстырғанда,
азық-түлік мәселесін алдыңғы шепке шығарды. Бұрын құлаққа естіле бермейтін
«азық-түлік қауіпсіздігі» атты тың ұғым мен түсінік пайда болды. Енді
азық-түліктен, дәлірек айтсақ дәнді дақылдардан жану-жағармайын да алуға болады
екен. Тиімді әрі экологиялық жағынан таза. Бұл жағынан Қазақстан өзіне қолайлы
мүмкіндігі мол мемлекеттердің қатарынан саналады. Аллаһқа шүкір, біздің
облысымыз да азық-түлік қауіпсіздігі жөнінен өзге өңірлерден көш ілгері. Ең
бастысы-нанымыз бар. Бәрәңгі, көкөніс және жеміс өнімдерінен құр алақан
емеспіз. Облыс орталығынан таяу жерден май өндіретін зауыт салынса, күнбағыс
майымен өзімізді өзіміз қамтамасыз етерімізге сенім нық.

Мұны тәптіштеп айтуымыз да бекер емес. Азық-түліктің
жетіспеуінен тарихтан мәлім, талай «күріш», «нан», «тұз» бүліктері болған.
Осыдан санаулы айлар бұрын Мысыр, Ауғанстан, Боливия сияқты елдерде болып өткен
халық толқулары кейде азық-түліктің саясат ұранына айналып кететінінен де  хабардар етеді.