ВЕРНУТЬСЯ

Сені ойласам, аулақта қалып ән-жыр,Жалындаймын, тірлігім – алып тандыр.Жіпсіз мені өзіңе байлап алдың,Тал түсінде өмірдің жолыққан гүл... Еске аламын, тұңғиық батам ойға,Таңың күліп әлі де атар алда.Үлбіреген қалпыңда, қалқам, сеніТек аялап солдырмай өте алам ба? Сері күнді басыма салып тағдыр,Құйылғандай кеудеме ғайыптан нұр,Сені үзбеймін, өтемін сүйсінумен,Тал түсінде өмірдің жолыққан гүл... * * *                              *** Басыма менің қонғанда келіп сары күз,Ойда жоқ жерден ілестің сен де, сары қыз.Сен ұмсынғанмен бөлек қой біздің жанымыз,Екеуміздің бұл – сорымыз, әлде бағымыз?.. Сары күз соңы ызғары үстем қыс болар,Сары қыз, соңы – қолымнан ұшқан құс болар.Бізден де бұрын болған ғой сондай нұсқалар,Өмір мен көңіл сөйте де сөйте қысқарар... Бәдәуи дүние балы мен уын тең бөлер,Мәңгі сапарға бізді де бір күн өңгерер.Сары күз бенен сары қыз қалар, қыс қалар,Бұрынғыларға бізді де тағдыр теңгерер...