ВЕРНУТЬСЯ

        Шернияз  Жарылғасұлы  қазіргі 
Ақтөбе  облысы   Ойыл 
ауданы     Жарыпшыққан  дейтін 
өзеннің  бойындағы  ақкете  
руынан              шыққан.   Ақкете 
-  оның  он бірінші 
атасы.

Шернияздың туған,  өлген жылы   туралы 
дәл мәлімет  жоқ, бірақ  Исатай, 
Махамбет   бастаған  халық 
көтерілісіне  бастан-аяқ  қатысуы, 
көтеріліс   басылғаннан   кейін 
де  бірнеше  жылдар 
өмір  сүргені  мәлім1.  Нұртуған ақынның  айтуынша, Жамет  жыраудың 
аузынан жазылып  алынған бір
мәліметте: «Ақкете  Шернияз жиырмаға
келгенде, Исатайдың дабысына құмартып, сонымен таныс болуға әдейі іздеп
барыпты», - дейді. Бұл 1836-1837 жылдар шамасы болуы керек, өйткені Жайықтың
бергі бетінде Исатайдың атағы шыққан жылдары - осы кез. Ал Баламырзаның  Нұрымға 
айтқан өлеңінен 1881 жылы Шернияздың 
қайтыс болғаны мәлім:                                            

Менің
ағам Шернияз

Дабылы
жерді жарулы,

Алты
алашқа танулы.

Сөйлей
қалған кәдімгі

Тірідегі  дабысы

Талай жерге барулы.

Сан азамат жиналса,

Басын топқа салулы,

Шайыр туған Шенекең

Бүгінде демі бітіп қалуы2.

            Егер ол 1836-1837  жылдары 
жиырмалар шамасында болып, 1881 жылы қайтыс болса, туған жылы 1817
жылдар шамасы деп мөлшерлеуге болады.

            Шернияз көп жылдар
Жайықтың арғы бетінде, Бөкейлікте, Исатайдың жыршысы, серігі ретінде қасында
болады. Исатай, Махамбет халықты хан, сұлтандарға қарсы күреске ұйымдастырғанда
үгітші, ұраншысының бірі Шернияз ақын болған. Көтеріліс басылып,
Исатай өлгеннен кейін, Шернияз Махамбетпен бірге 1838-1839 жылдары Хиуа
елдерінде  жүргенге ұқсайды3.
«Кете Шернияз ақын Хиуа жұртына барып, бірер жыл жүріп, еліне қайтыпты. Жаздың
айы екен. Аулына ара күндік жер қалғанда, кешке бір байдың үйімен

_______________

1 Тіл мен әдебиет институтының архивы. 11- материал, 12-бет.

2Қазақ ССр Ғылым академиясының архивы. Шернияз шығармалары, 822-папка.

3 Тіл мен әдебиет институтының архивы, 201-материал, 1-2-бет.

сөйлесіпті. Бір жігіт шығып қондырғысы
келмей, әр нәрсені сылтауратып сұрай беріпті. Шернияз оның ниетін сезіп, мына
сөзді айтыпты:

Руымды  сұрасаң,

Жеті
рудың ағасы,

Ақкетенің
баласы,

Жаз
жайлауым сұрасаң,

Тайсойған,
Бүйрек арасы;

Қыс
қыстауым сұрасаң,

Жем,
Сағыздың саласы.

Жер
шамасын сұрасаң,

Ара
қонып келеді

Жүк
салған жолмен қалашы

Өзімнің
атым - Шернияз.

Жарылғас
бидің баласы.

Тап
осылай деп айтпасам,

Қондырмаймын
деп тұрсың ғой шамасы»1, -

дейді.

            Көтеріліс
жеңіліс тапқаннан кейінгі Шернияздың жүрген жері -  Жайықтың бергі беті, Әлім, Байұлы, Жетіру
елдері. Исатай, Махамбет көтерілісіне белсене қатысушының бірі болғандықтан,
Шернияз әуелгі кезде хан, сұлтандардан қашып жүреді. Жайықтың бергі бетіндегі
елдерді басқарушы сұлтан Айшуақов Баймағамбеттің қудалауынан құтыла алмайтын
болғандықтан, Шернияз өзі келеді. (Кейбір 
әңгімелерде оны Баймағамбет айдатып алдырады.)

            Сол  кездердегі хан, сұлтандардың өз ордасында
тәуір деген  ақын, жырау ұстайтын
салттары бойынша, Шернияз айдалу жазасынан аман қалады. Баймағамбет сұлтан оны
сарай ақыны ету мақсатымен бұрынғы хандарға қарсы болған «күнәсын»  кешіреді. Ел аузындағы бірнеше әңгімелерге
қарағанда, Шернияз Баймағамбетке келгесін де өзінің бұрынғы серіктерінен,
көтерілісте болған достарынан қол үзбегенге ұқсайды.

            Махамбет
өз өмірінің соңғы кезінде де Шернияз 
үйіне әлденеше рет келіп, қонып кетіп жүріпті. Махамбеттің
Шерниязбен  ең соңғы кездесуінде, олардың
араларында мынадай сөз болыпты дейді.

Шернияз:

Көлдеуде
көгала үйрек жергілікті,

Молдалар
шариғаттан сөз біліпті

_____________

1Қазақ ССр Ғылым академиясының архивы. Шернияз шығармалары, 822-папка.

Жолдасы ер Исатай, ер
Махамбет.

Сөз бар ма бізге
айтқандай ескілікті1.

Махамбет:

Көп
қағып дауылпазды көл шайқаған,

Арғымақ
бір шапқанда айналасы.

Алты
айшылық жер шайқаған,

Күн
бұлт, ай қараңғы жортаң құлжа.

Шернияз,
шешен болсаң бұл сөзді жылдам

                                                             
Болжа,

Құйылып
таң мезгілі мұнар шашып,

Төрт
лашын бір сұңқарды ортаға алып

                                             
қылған олжа,

Он
бүркіт, отыз аққу көлде жатқан,

Лашын
қанат қақпай дәмін татқан...         

Бұл өлең - Шернияз
бен Махамбеттің араларындағы достық қарым-қатынасты көрсететін бағалы  деректің бірі.  Осы кездесуден бұрын қалыңдығын алып қайтуға
барған ханның баласы кісі қолынан қаза тапқан екен. Осы Махамбет жолдастарының
ісі болуға тиіс, соны аңғартты-ау деп ойлаймын депті Шернияз. Мұнан басқа және
бір мынадай аңыз бар: Махамбетті ұстауға Баймағамбет сұлтан бір бөлек адамдарды
аттандырады. Оның ішінде Шернияз да бар екен. Іздеп келе жатқан отрядқа
Махамбет қарсы шығады. Шернияз Махамбетті алыстан танып, әнімен қауіпті
білдіріп, бетін басқа жаққа бұрады, сөйтіп, Махамбеттің ол жолы ұсталудан аман
қалуына себепші болады. Бұл да жоғарғы тәрізді, екеуінің араларындағы достық
қатынастың үзілмегенін растайды.

            Шернияз
жайлы мәліметтерді қарастырғанда, оның 
өмірінің бірінші кезеңі халық 
қамын ойлаған Исатай, Махамбеттердің қасында болып,  халық тілегі, ел мүддесіне  жұмсалып, халықтың ыстығына күйіп, суығына
тоңумен өткендігін көрсек, екінші кезеңі Баймағамбет сұлтанның сарайында
өткендігін көреміз.  Сол кез, сол
жағдайды еске алсақ, неге олай болғандығының нақтылы себептерін айқындау қиын
емес.

            Исатай,
Махамбет бастаған халық көтерілісі жеңілгеннен кейін хан, сұлтан, феодалдар
көтеріліске қатысушыларға енді қайтып бас көтермес үшін қатты-қатты шаралар
қолданды. Мал-мүлкін конфескеледі, Сібірге айдатты, шетінен ұстап түрмеге
жаптырды, қуғын-сүргінге ұшыратты. Сондағы қуғын көргеннің  бірі Шернияз болды. Біресе Әлім, біресе
Шемен, біресе Табын, біресе Хиуа елдеріне

_________________

1Қазақ ССр Ғылым академиясының архивы. Шернияз шығармалары, 822-папка.

 

барып, Шернияз, Махамбеттердің  сырғи берулері - Жәңгір, Баймағамбет,
Перовскийлердің оларды қалай да ұстау керек 
деген әмірінің күші, ізіне шам алып түсулері барған сайын күшейді.
Сондықтан Шернияздың Баймағамбет сұлтанға келуі, еш лаждың жоқтығы, бүгін
болмаса, ертең қолға түсетіндігіне көзі жеткендігі, әйтеуір ұсталатын болғасын,
не ұсталып тыну, не есебін тауып құтылу, екінің бірі «шешінген судан таймастың»
кері болатын.

            Шерниязды
паналатуға Баймағамбеттің өз есебі, өзінше мақсаты болды. Бақ аңсап, даңқ
іздеген Жәңгірмен өзінше іш бәсекесі бар тырашсынған Баймағамбет сұлтанға
атышулы Шернияз шешенді өз қолында ұстау, оның лажсыздығын пайдаланып, өзінің
сарай ақыны ету мақтан есепті болды. Өздерін мақтатып, жұрт алдында беделін
көтеру үшін, ең шешен, талантты ақындарды сарай маңында ұстау жалпы хандардың
ескі салты екені мәлім. Бұл дәстүрдің жалғасы аға сұлтан дәуірі ғана емес,
тіпті кешегі Октябрь революциясына шейін келді деуге болады. Қазақтың үлкен
феодал, болыс-билерінің қасында өзінің шашбауын көтеретін кейбір ақындар
болатын. Сөйтіп, Шернияздың Баймағамбетті паналауы лажсыз жағдаймен байланысты
болса, Баймағамбеттің оны аман сақтап қалуы өз мүдде, өз тілегіне бағыныңқы.

            Шернияз
- өз кезінде де, өзі өлгеннен кейін де халыққа аты  көп жайылған, даңқты, атақты ақынның бірі.
Оның сөздері халыққа ерте күннен мәлім. Қазақстанның қай түкпірі болсын
Шерниязды жақсы біледі. Оның өлеңдерін сүйіп тыңдайды, сүйсініп оқиды. Бұған
бір өлең жинаушының мына сөзі толық дәлел:

            «Біздің
жақта, - дейді жинаушы, - Шернияз сөздерін әңгімеге үйірлігі бар жігіттердің
көбі-ақ біледі. Өлеңші, ақындардың білмейтіні жоқ. Әсіресе: «Байеке, сіздің
қызда жаман бар ма» деген өлеңі мақалға айналған. Ақын көрсе, «Шерниязды айт»
деп  көпшілік қолқа қылады1.
Жалғыз Жетісуда ғана емес, Қазақстанның қай облысы, қай ауданында болсын
халықтың Шерниязды қолқалайтыны  рас.
Халыққа көп тарағандығы  жағынан Шернияз
қазақтың қай ақынымен  де таласа алады.

            Шернияз
өлеңдерінің 1925 жылы Москвада басылған Алыш ақынның варианты, Омарбек,
Мәшһүр-Жүсіп жинаған (Мәшһүр-Жүсіп, ІІ том, 8-бет)  үш түрлі варианты бар («Шернияз ақын өлеңдері»,
«Шернияз», «Шернияздың Баймағамбетке айтқаны»). Бұлардың аттары әр басқа
болғанмен, желісі бір. Өлеңдер Шернияздың Баймағамбетке келіп кездесуінен
басталады да, өзінің кім екенін 
таныстыру, Баймағамбеттің бұйрығы бойынша, оның   қызын, әйелін, өзін мақтау, Исатайды мақтау,
Мәдебайды  (бір вариантында Марабай
делінеді) жеңуімен аяқталады.

_________________________

1 Тіл мен әдебиет
институтының архивы, 7-материал, «Шернияз», 1-бет.

           

Алыш ақынның вариантында Шернияз
өлеңдерінің аяғы Байғара болыстан зорлық көрген Шернияздың арыз айтуымен тынса,
Мәшһүр-Жүсіп варианты Шернияздың Баймағамбеттің қызының тойын бастауы, Баянасқа
айтқан өлеңімен  аяқталады. Жоғарыда
айтылған үш варианттан басқа институт архивында Нұржігітұлының «Шернияз тарихы»1
және Жәмет жыраудың «Ақкете Шернияз 
өлеңі»  атты  қолжазбалары, тағы бірнеше ұсақ өлеңдері бар.
Әсіресе құнды материал деп Нұржігітұлының қолжазбасын айтуға болады. Мұнда
Шернияздың өмірімен байланысты оның әр жағдайда айтқан ұтымды қысқа-қысқа бір
ауыз, екі ауыз өлеңдерімен қатар, бұрынғы 
жинақтарда болмаған «Шернияздың 
Қази би мен Әлен төреге айтқан сөзі», «Терме», «Өмір туралы айтқаны»
дейтін бірнеше жаңа өлеңдері бар. Бұл 
өлеңдері - Шернияздың көзқарасын айқындау үшін бағалы материалдар.

            «Ақкете
Шернияз өлеңі» атты қолжазба Нұртуған ақын арқылы, кейін Нұртуғанның жиені
Жәмет жырау арқылы алынды. Бұл да бұрын ешкімге мәлім емес шығарма. Өзі жай
ғана өлең емес, оқиғаға құрылған  қысқаша
поэма деуге болады. Кіші жүз Сиықтың шежіресін айта келіп, Исатай мен Наушаның хан,
патша әскерімен соғысы, Науша мен Исатайдың өз арасындағы қарым-қатынастары,
Исатайдың  ерлік өлімі, оның сүйегін  Наушаның алып шыққаны баяндалады, Баймағамбет
пен Шернияздың кездесуі, Марабай ақынмен айтысып, оны жеңуі жайлы айтылады.
Көркемдігі жағынан бұл онша құнды өлең емес. Бірақ оқиғасында тарихи кейбір
шындықтардың бетін ашатын жерлері бар. (мысалы: Исатайдың  сүйегін жаудан кім алып шыққанын айқындау,
стихиялық түрде басталған шаруалар көтерілісін басқарушылардың өз араларындағы
келісе алмаушылықты көрсету, т.б.).

            Жоғарғы
үш ақынның аузынан жазылып алынған үш түрлі варианттың желісі бір десек те,
әрқайсысының өзінше өзгешеліктері  бар.
Бас-аяғы бүтін, әңгіме желісі дұрыс, 
адам  мен  ел аттары 
тарихқа жақын  келетіні -
Көкшетаудың  Алыш ақыны  айтқан 
варианты. Мәшһүр-Жүсіп варианты Алыш ақынға, негізінен, жақын келеді.
Әйтсе де сөздерінде кейбір өзгешеліктері де жоқ емес.  «Арқада ту ұстаған Арынғазы»  (Мәшһүр) емес, «Ар жақта ту ұстаған Арынғазы»
болу керек. Өйткені әңгіме атақты Арынғазы атты хан туралы. Бөкейліктегі ел
Жайықтың бергі бетіндегі елді «ар жақ» деп сөйлейді. Оның Арқамен еш байланысы
жоқ, сонымен қатар Мәшһүр-Жүсіп 
вариантында, көп жерлері түсіп қалған не сөздері басқаша құралатын
жерлері көп.

__________

1 Тіл мен әдебиет
институтының архиві,7 материал,
«Шернияз», 1-бет.

Ескерту: Бұл қолжазбада Шернияздың жаңа өлеңдерінен басқа екі
түрлі құнды мәлімет бар. Бірі - ақынның ата-тегі туралы мәлімет, екіншісі -
Шернияздың тапқырлыққа құрылған әр жағдайда айтқан қысқа, күлдіргі өлеңдері
(автор).

Салыстырыңыз:

Ассалаумағалайкүм,
алдияр хан,

Өлім
десе, қорқады шыбындай жан,

Сәлемді
алдыңызға сала алмаған,

Баяғыдай
заман жоқ құйқылжыған.1

Ассалаумағалайкүм,
алдияр хан,

Өлім
десе, қорқады шыбындай жан,

Өлімнен
қашып келіп қорғалаған,

Қуып
жүр құйқылжыған құрғыр заман.

Міне, осы сияқты өзгешеліктер
толып  жатыр. Мәшһүр-Жүсіп вариантында
«Бай-еке, сіз бір аққан бұлағымыз»  деген
тәрізді кейбір шумақтары мүлде  жоқ. Алыш   вариантына  қарағанда, 
Мәшһүр-Жүсіп варианты  анағұрлым
қысқа. Омарбек варианты (Жетісу елінікі) 
жоғарғы  Алыш, Мәшһүр-Жүсіп
варианттарына қарағанда көлемді. Мұнда да Шернияздың Баймағамбетке айтқан
сөздерінің желісі дұрыс  сақталады. Бірақ
әр шумағына жолдар қосылып, ұзартылып айтылған. Шумақтың не басында, не
ортасында, не аяғында жоғарғы екі варианттардағы қайталайтын жолдар түгел кездеседі.

Омарбек варианты
алыстан талып жеткен әңгіменің желісіне құрылған, қоспасы  көп, өйткені Шернияз сөзі кейін
ұмытылыңқырап, әр ақынның өзінше долбарлап айтуымен байланысты көп өзгеріске
ұшырағанға ұқсайды.

Ассалаумағалайкүм,
алдияр хан!

Молдалар  хат жазады 
дәуіт, қалам.

Кешегі
ел ұстаған ханзаданың

Сізді
де ұрпағы деп бердім  сәлем...

Ежелден
шынжыр балақ, шұбар төс ең,

Бұқараң
үймелеген хан тұтып жан,

Жалаңаш
елден шыққан бір сорлымын,

Жалғыз-ақ
үмітім бар рақымыңнан,

Басымды алар болсаң
жылдам алшы,

Ызғары өтіп барады
аяғымнан.

Ал
Алышта:

Ассалаумағалайкүм,
алдияр хан,

Өлім десе, қорқады
шыбындай жан,

Сәлемді алдыңызға  сала 
алмаған,

Баяғыдай заман жоқ
құйқылжыған,

___________________

1Теруші Сейітбаттал
Мұстафаұлы. «Шернияз», Мәскеу, 1925, 5-бет.

Сіздер  де ханзаданың баласы  деп,

Алдияр деп  алдыңа бердім 
сәлем.

Осы  күнде адам жоқ бізден жаман,

Жалаң аяқ, жалаң бас зарлап
тұрмын,

Көзіңнің қырын
салар  бар ма заман?

Бай-еке, келгенім жоқ
бұл шағына,

Ақ сұңқар мен бір қонған
қияғыңа,

Жорғамын шаң тиместей
тұяғыма,

Күміс сапты найзамын
қияғыңа.

Құдайдың
түні  суық, қаһары  қатты,

Жалаң
аяқ, жалаң бас жылап тұрмын,

Көзіңнің
қырын салшы сияғыма!

            Бұл  екі үзіндіні 
салыстырғанда, жалпы желісі  бір
болғанмен, пікір жағында болсын, жеке сөз, сөйлемдерінде  болсын, недәуір өзгешеліктер бар. «Шынжыр
балақ, шұбар төс»  деген образдар -
соңғы  кездердегі шыққан образдар.
«Ызғары  өтіп барады аяғымнан»  деген жолдың 
алдыңғы  жолдармен логикалық  байланысы жоқ. Бұл Алыш   ақынның 
вариантында  айрықша  шумақ  
болып  айтылатын:             

Бай-еке,
сіз  бір аққан бұлағымыз.

Зарланған  біз 
бір  жетім лағыңыз,

Лыпадан  тал бойымда еш нәрсе жоқ,

Жалғыз-ақ  жарты күйген тұмағымыз.

Аяғым тоңғаннан  соң басып тұрмын,

Үсіп кетіп  барады  
құлағымыз.

Тақсыр- ау, бізді
өлтірсең, тезден  өлтір,

Зарланған біз бір жетім
шұнағыңыз, -

деген   өлеңінің  мазмұнынан 
алынғанға  ұқсайды.

            Омарбек  вариантының  
қара  сөздері  не кейбір 
жолдары  Алыш вариантындағы ел
аттарынан бөлек. Исатай мен Баймағамбеттің   
араларындағы  күрес,  тартыстар да  Омарбекте 
көмескі ертегіге  айналғаны  байқалады.     Бас сөзінде: «Бұрынғы заманда Баймағамбет деген хан болыпты.
Исатай Баймағамбетпен туысқан, тоқал қатынның 
баласы  екен», - деп бастауы
немесе өлеңіндегі:                          

Ар жақта  дүбірлеген Арынғазы,

Жайлаған Арғын,  Найман, Өтен сазы.

Ар жақта
ту ұстаған Арыстанбек, -

деген тәрізді жолдар әңгіменің  тарихи 
ізінен алыс жатқандығын  
аңғартады. Алыш ақын вариантында 
Шернияз  бен  Баймағамбет, Исатай  не 
басқалардың  қай  ел, қай 
жерде  болғандары, олардың  арасындағы 
күрес, тартыстардың  ұлы   сорабы 
дұрыс беріледі. Сондықтан бұл 
Шернияз  өлеңдерін сұрыптауда
негізгі  вариант болып есептелуі  қажет. Әйтсе де Омарбек, Алыш
варианттарында  дәлме-дәл  келетін 
жерлері  де  жоқ 
емес. «Сағынам ауызға   алсам
Исатайды», «Бармысың жауға түскен, алтыным-ай» деп басталатын өлеңдері  екеуінде 
де  өзгеріссіз. «Бай-еке, сіздің  қызда 
жаман  бар  ма», 
«Бай-еке,  заманыңда  тасуың-ай» дейтін  шумақтарында 
бірен-саран  сөз  өзгешеліктері 
болмаса,  дәлме-дәл  деуге 
болады.

            Алыш  пен 
Омарбек  вариантының  екеуі 
де 1925  жылдан  бастап 
баспа  жүзін  көрді. Онан кейін жеке  кітап  
болмаса да, хрестоматия, 
орта  мектеп оқу  құралдарында 
(1941 жылдан бері), жоғарғы 
мектепке  арналған  Сәбит 
Мұқановтың  1942 жылғы  шыққан 
«Қазақтың ХVІІІ-ХІХ 
ғасырлардағы  әдебиетінің  тарихынан 
очерктер»  атты  еңбегінде 
үзінділері  басылды,  екі 
варианттың  екеуі  де 
Шернияз  сөздері  делінеді. Бұл 
- жоғары  еңбекте  болсын 
не  басқа  зерттеушілерде  болсын 
күні  бүгінге  дейінгі 
елеулі  кемшілік,  осы 
варианттың  қайсысын  негізгі 
етіп  алуы  керек, 
бұл  әлі  еш 
жерде  сөз  болған 
емес. Шернияздың  өзінен  қалған 
қолжазба болмағандықтан  және  Шерниязды 
әдебиет  тарихына  енгізіп, тарихи  әдебиет 
өкілі  ретінде  зерттеп 
отырғандықтан,  жоғарғы  үш 
варианттың  біреуіне  тоқтап, 
Шернияздың  өз  сөзі, 
өз  өлеңдері  осы,  басқалары  осының 
желісіне  қарап,  әр 
ақындардың  өзінше,  Шернияз 
атынан  айтылған  варианты 
ғана  деп   ұғуымыз 
керек. Бізше, Шернияздың  өз  нұсқасын 
сақтаған, өзгертілмей 
айтылатын,  оның  басқа 
өлеңдерімен  стиль  жағынан 
үндес  келетіні -  Алыш 
ақынның  варианты.  Алыштың 
қара  әңгімелері  де, 
Шернияз  өлеңдеріндегі кісі аттары
да, Исатайдың өлімі де тарих 
мәліметтеріне  дәлме-дәл  келеді 
деуге  болады. Сондықтан  біз қазіргі зерттеуде  негізгі 
текст  етіп  Алыш ақындікін  алдық. Басқа варианттар мұны  толықтыру 
үшін  ғана  қолданылмақ.

Шернияз соңғы  кездерге 
шейін  әдебиет тарихына кіре  алмай  
келді. Бұған жалғыз-ақ  себеп - өмірінің
соңғы кезінде Шернияздың 
Баймағамбет    сұлтанға 

келуі. Біз  жоғарыда 
өмірбаянымен  байланысты,  оның 
қалай   келгенін  айттық. Әңгіме Шернияздың  Баймағамбетке 
тек  келуінде  ғана 
емес,  нені  жырлап, оны қалай  жырлағанында.

            Шернияз  өлеңдерінде 
тарихи  екі  адам 
туралы  айтылады: бірі -  халықтың досы, қамқоршысы болған Исатай,
екіншісі - халықты  езуші Баймағамбет. Шернияздың  Баймағамбетке 
айтқан  сөздерінің  мазмұны, 
құрылысы  жағынан  алып 
қарасақ,  мақтады  деген 
өлеңдерінің  өзінде  де 
мысқыл-кекесін  жатады. «Мені
жамандашы» деген  сұлтанның  өз 
сөзін  пайдаланып, Шернияз  Баймағамбеттің  жауыздық 
іс-әрекеттерінің  бетін  ашып, 
жұртқа  әшкерелеп  береді. Өзі 
өлім  мен өмірдің  шекарасында 
тұрса  да,  бас 
кетеді  деп  тіл 
тартпай, Баймағамбеттің 
жауыздығын  әшкерелеу  арқылы 
басқа  да  хан, 
сұлтандардың  халыққа  жасаған 
зорлық, зомбылықтарын  терең  толғап 
суреттейді. Мұндай  жерде  ақын 
әрдайым Баймағамбетке 
Исатайды  қарама-қарсы қою  әдісін 
қолданып,  бірінің  елге 
деген  достығын, екіншісінің  елге 
деген  қастық,  жауыздығын айқындайды.

Ар жақта  Арынғазы 
дүбірлеген,

Бай-еке,
елің  бар ма  бүлдірмеген?

Төре
кетіп,  төбеде  төбет 
қалып,

Туып  тұр 
ел  басына бұл күн  деген.

Қазақтың  қара 
жұртын  быт-шыт қылған

Төре
емессің,  төбетсің дым білмеген1,
-

 

дейді. 
Осы  үзіндінің  өзінде 
Баймағамбетке  деген  қаншама 
өшпенділік  жатқаны  кімге 
де  болса  мәлім. Сонымен қатар  ақын 
көп шындықтың  бетін  ашады.

            Исатай
өліп,  көтеріліс  басылғаннан 
кейін  хан,  сұлтандар 
елге  қатты-қатты  шаралар қолданды. Айдатты, дүре  соқтырды, төрін    талқан, есігін ойран етті. Осындай ел бейбітшілігін
бұзған  Орынбордан  шыққан патша әскерін көтерілісшілерге өзі
бастап  әкеліп, Исатайдың  өліміне ортақ,  көтерілістің 
жеңілуіне  себепші  болған Баймағамбетке мұз боп қатқан ескі кек
Шерниязды  шыдатпайды. Өзі өлім аузында
тұрса да, ақын батыл түрде 
Баймағамбеттің халыққа істеген 
жауыздығын  бетіне  басады.               

Па, шіркін,
Исатайдай  сабаз  тумас,

Қас  етсең, қасыңа да адам  жуымас.

Ел  ұстап, жұрт 
билейтін  қылығың жоқ,

Хан
емес, қас қатынсың мұндар қубас, -

деп, ел сүйген  батыл 
ұлға Баймағамбетті қарама-қарсы қойып, кімнің  кім 
екендігін  көрсетпекші болады. Бұл
жердегі әрқайсысына  қолданып  отырған 
образдарының  өзінен  де 
ақынның  кімге  қалай 
қарайтындығы айқын сезіледі. «Төбет», «қубас» деген сөздер  Баймағамбеттің  сұрқиялығын 
дәл,  батыл  түрде 
суреттеу  тілегінен  туып 
отырғандығы  айқын.

            Біз
негізге алып  отырған Алыш ақынның
вариантында  Шернияздың  Баймағамбетті мақтауы  амалсыздықтан 
туды, ол  оның  шын 
ниетімен  жақсы  көруінен 
емес  еді  деген 
пікірді мегзейді.

            Баймағамбет  әзіл үшін әуелі әйелін, қыздарын  жамандатып, 
өзінше,  соған  мәз-мәйрам 
болады  да, Шерниязға: «Енді   өзімді 
жаманда», - дейді. Шернияз: «Шыдай 
алмайсыз», - деп бірнеше ескертсе де,      Баймағамбет     қоймағасын 
    жамандайды. Өлтіре

_________________

1Терме. №1, Ташкент, 1925, 109-бет.

жамандайды. Әуелі көзбе-көз  жамандауға өзі рұқсат  етсе де, шындық  сөз сүйегінен 
өткен Баймағамбет  шыдай алмай,
Шернияздың басын шаппақ болып қылыш суырады. Сасып қалған Шернияз:

Хан
қолында жарасқан қасқа қылыш,

Қаһарлансаң
өтесің  тасқа, қылыш.

Хан
қолында тұтқаң бар ұстап тұрған,

Жарлықтан
хан бұйырмай аспа, қылыш, -

деп
қылышты  тоқтата тұрады   да:                                  

Атаңыз  кешегі өткен Абылай-ды.

Абылай көп ерлігін
жұртқа жайды,
-

деген
тәрізді  сөздермен Баймағамбетті  «мақтайды». Мақтау сүйгіш  Баймағамбет 
ақынның  мақтау  сөздеріне 
жібиді  де, Шерниязды  өлім 
жазасынан құтқарады. Ақынның Баймағамбетті 
мақтап айтқан  өлеңі осындай
жағдайда шығарылады. Сондықтан мұны шын мәніндегі  мақтау деп қарау қиын. Бұл ақынның  дүниетанушылық көзқарасын,  жүйесін 
айқындайтын  өлең емес, жаңағыдай
жағдаймен байланысты туған өлең. Оның шығармасын бүтіндей
алып талдағанда, сол жағдай, сол сәтте ақынның әлсіздігін көрсететін өлеңнің
бірі деп бағалауымыз дұрыс тәрізді. Оның шығармасындағы қайшылықтар осындай
жағдаймен байланысты.

            Ақынның
шын сырын, шын көңілін Исатай туралы айтқан өлеңдерінен көруге болады. Исатай
жөнінде қолданған әр сөз, әр образында үлкен махаббат,  терең сүйіспеншілік  жатқандығы аңғарылады. «Па, шіркін, Исатайдай
сабаз тумас», «Сағынам ауызға алсам Исатайды», «Исатай - ел  еркесі, ел 
серкесі»  деген жолдарының өзінен-ақ
өміріндегі ең сүйікті,  ең  ардақты 
санаған шын дос, қымбаттысынан айырылған шерлі жыраудың  мұңды зары мен терең сыры байқалғандай
болады. Исатай өлмей, ұсталып қайтып келген болса не дер едің дегенде:

Бармысың,
жауға түскен алтыным-ай!

Самалым, саз қонысым,
салқыным-ай!

Жауыңның қоржынына түсіп
едің,

Шықтың ба аман-есен,
жарқыным-ай!

Ақ
алмас, алтын сапты, қылышым-ай!

 . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
.  . . . . . . . . .

Жатпапты
асыл пышақ қап түбінде,

Шықтың
ба қабын жарып, ырысым- ай! -

деп, мойнынан құшақтар едім  дейді. Осы үзіндінің  өзінен-ақ Шернияздың Исатайды қандай дәрежеде
сүйіп, қандай дәрежеде жақсы көретіндігі айқын көрінеді. Адамның ішкі сезім
дүниесін беруде  қолданылатын зарлай
арнаудың әдісімен суреттейді. Әрине, бұл сықылды терең сүйіспендік Шернияздың
жеке, тек өз басының ғана ойы емес, батырға деген махаббат пен ел-жұрттың оны
аңсауының бір көрінісі.                             

Сағынам
ауызға  алсам  Исатайды,

Ер
тумас ел бағына ондай жайлы.

Қарадан халқы сүйіп
ханым деген,

Жігіт  еді төрт тұрманы түгел сайлы...

Ер тумас ел бағына
Исатайдай,

Мінезі толқушы  еді туған айдай,

Тарлан  боз, тарғыл   ала 
жылқы біткен,

Ер  еді, құтым еді, о дариға-ай!..

«Исатай - ел еркесі, ер
серкесі»,

Бір мен емес, алашқа
жайлым еді,

Елге алғау, маған да
алғау ер Исатай,

Айырылып Шерің содан
қайғылы еді,1 -

деген
сөздерінен Исатайды  халықтың  сүюі, халықтың  жақсы 
көруі Шернияз  жырына  нәр, 
негіз  болғанын
көреміз.

            Исатай ел мүддесі, жұрт
мақсатын  көздегендіктен,  халық 
оны  өз  ері, өзінің 
адал ұлы деп білді. Сол 
пікірді  үндемекші  болған Шернияздың алған тақырыбы да, жырлаған
жыры да Исатайға арналады. Шернияздың 
өзі  де шаруалар ортасынан шықты
және шаруалар көтерілісіне белсене қатысушының бірі болды. Арман еткен
мақсаты  да шаруалардың  тілек-мүддесіне сәйкес, сол шеңберде  қалды. Шернияз  өлеңінде 
ол өрістен  асып,  не 
болашақты аңсау, не түңіліп өткен өмірге бой
ұру,  не діншілдікке  берілу, не бұл дүниеден   безіп, өлімге үндеу - екеуі  де жоқ. Ақын өмір шындығын өзінің арман  еткен, белсене  қатысқан шаруа табының тұрғысынан қарап
таниды да, сол тұрғыдан суреттейді. Шернияз өлеңінің негізгі көпшілігі Исатай
сықылды халық қамқоры болған ерлерді дәріптейді. Әрине, Шернияз  өлеңі 
қайшылықсыз,   онда  кемшілік, 
қате  жоқ  деген 
пікірден біз аулақпыз. Оның кейбір қайшылығын жоғарыда  көрсеттік.

Әйтсе  де Шернияздың 
өлеңдерінің терең  тамыры  езілуші 
қара  халықтың  тілек-мүддесін жырлауда  жатыр. Әрине,
біздің бұл  пікіріміз Шернияз  өлеңдері 
туралы  үзілді-кесілді, қорытынды   пікір 
емес. Өйткені  Шернияз
өлеңдері  әлі  толық жиналып 
болған  жоқ. Шернияз туралы бір
алуан мәліметтер соңғы жылдары түсті. Олардың ішінде құнды, бағалы
материалдар  да аз емес. Солардың  ішіндегі 
ең 

_________________

1Терме. №1, Ташкент, 1925.

құндысы - Шәйіптің материалы.

            Шәйіп
Нұржігітұлының қолжазбасында 
Шернияздың  бұрын  жұртқа 
мәлім  емес  екі 
термесі  және  бірнеше 
қысқа  өлеңі  бар. Термесінің  бірі «Өмір 
туралы» деп, екіншісі тек «Терме» деп аталады. Бұл термелер Шернияздың
тек  жай 
ғана  ақын емес,  өмірді 
кеңінен шолып, оған өзінше 
баға  бермек  болған, өзінше  қорытынды 
пікір айтуға  ұмтылған  ақын 
екендігін  көрсетеді:                       

Аттан  аттың 
несі  кем,

Өзі  тарлан көк болса?

Ерден
ердің несі  кем,

Айтқан  сөзі берік  
болса?

Хандардан  ханның 
несі  кем,

Халыққа  әділ 
ерік  болса?1 -

деген 
сықылды  риторикалық  сұраумен термелеп  келеді 
де,  өзінің  бақылауынша 
кейбір  жерлерінде  қорытынды ретінде  пікір де 
айтады. Осы  термесінің  тағы 
бір  жерінде:                             

Ай,  жігіттер, жігіттер,

Жердің  жүзін 
қарасаң,

Мұнша  неге 
кең  болған.

Жеті  мүше 
денеміз

Бір-біріне  тең 
болған.

Төрт  аяқты 
айуандар,

Неге  адамнан 
кем  болған?

Жарық  үшін 
күн  болған,

Тыным    үшін 
түн  болған,

Тамашалап  қарасаң,

Ай  мен 
жұлдыз,  күндіз, түн,

Орман,  тоғай, 
от  пен  су,

Тап-тамаша  кім 
қылған?

Құрт-құмырсқа,
ұшқан  құс

Бұ  да басқа түр 
болған, -

дейді. Шернияздың  бұл 
сөздерінің  өз  кезінде 
мәні  зор. Қазақтың  оған  дейінгі  ауыз 
әдебиеті мен  тарихи  әдебиет 
нұсқаларын  алсақ,  табиғаттың 
әр  алуан  құбылыстарын бақылай  келіп, 
оларды  тану  үшін 
жоғарғы  айтылғандар   тәрізді, 
тұжырымды  сұрақтар қойған  шығарма не жоқ, не жоқтың қасы. Оқу-өнерден
кенже қалған  халыққа  ондай 
сұрақты  қоюдың  өзі - кезінде 
үлкен  нәрсе. Әрине, Шернияз  да ол сұрақтарға дұп-дұрыс жауап  бере 
алды  деген  пікірден 
біз  аулақпыз. Ол  сұрақтарға 
ақын  жауап  бере 
алған  жоқ. Ол мүмкін

_________________

1Қазақ ССр Ғылым академиясының архивы. Шернияз шығармалары, 822-папка.

де
емес еді. Әйтсе де сол сұрақтарды 
қоюдың  өзі  тек 
қана  ақынның  емес, халықтың өмір  құбылыстарын 
білсек,  танысақ  деген 
арманын  мегзейтін  секілді.

            Сонымен қатар ақын өмірдің
бірқалыпта  тұрмай, өзгеріп  отырғандығын да аңғарған. Бұл,
әрине, Шернияздың  жаңалығы емес. Өмірдің
әрдайым өзгеріп отыратындығын аңғару ауыз әдебиетінде де, Бұхар, тағы  басқа ақындардың шығармаларында да кездеседі.
Бұл мәселені біз Шерниязбен байланысты тек факті  ретінде 
ғана  айтып  отырмыз.

Ақын:

Болжалды күн болған соң,

Бұл дүниеден кім қалған?

Батыр  өткен 
шабынған,

Жүйрік өткен шабылған.

Сұлу өткен  жағынған,

Кербез өткен қағынған,

Не  жайсаңдар өтпеген,

Озған жүйрік табынан? -

дейді.

            Бірақ  табиғат 
және  өмір  құбылыстарында  әртүрлі 
өзгерістер  болып отырғандығын
ақын тұрпайы  түрде  болғанмен 
дұрыс  түсінсе  де, әлеумет өмірінің  кейбір негізгі мәселелерін  мүлде теріс түсінеді.

Мысалы:

Бәрімізге  ай 
ортақ,

Қайырлы  болса, 
бай  ортақ.

Жақсы  болса, 
би ортақ, -

 

деген
сөздерін алсақ, «қайырлы бай», «жақсы би», «жақсы хан» болады-мыс дейтін нағыз
ұсақ байшылдық көзқарасты 
дәріптейтіндігін көреміз. Әрине, ол үшін Шерниязды даттауға болмайды, өйткені
стихиялық 
басшылары мен жыршылары өздері белгілі бір ханға не патшаға қарсы қарулы
күрес ашып, сол жолда өлімге де, өмірге де бел байлап майданға шықса да,
хандық, патшалық  тәртіпті
құрытуды
олар мақсат етпейді, тек сол жауыз хан, жауыз патшаны жоюды мақсат етеді.
Олар  «жақсы хан», «жақсы патша»  болады, елді солар бастаса, тұрмыс түзелер
еді, рухани қысымшылық болмас еді деп ұғады. Шаруалар көтерілісінің негізгі бір
әлсіздігі, негізгі бір қайшылығы да осында. Демек, бұл әлсіздік пен қайшылық
шаруалар көтерілісінің әрі  қатысушысы,
әрі жыршысының бірі болған Шернияз өлеңдерінде кездеспеуі мүмкін емес. Жалғыз
ғана бұл өлеңі
емес, оның басқа өлеңдерінде де кездеседі. Сондықтан  «Шернияздың Баймағамбет
сұлтанға айтқаны»
және басқа өлеңдеріндегі қайшылықтардың негізгі себептерін біз ақынның өз
басынан емес, сол тарихи жағдайлардан іздестіруіміз керек.
түрде басталатын шаруалар көтерілісінің

            Шернияздың
ақындық ерекшеліктері жайлы. Шернияз - аз да болса
ескіше (арабша) оқыған,  хат  білген 
адам. Әкесі Жарылғас   молда  делінеді. 
Кейбір мәліметтерде Шернияздың өзін де әйелдер «молда қайын аға» деп
атаушы еді дейді. Бірақ Шернияз өлеңдерінің 
құрылысы мен қолда бар материалға қарағанда, ол өлеңдерін жазып шығарған
адам емес, ауызша,  керегінде жанынан тез
шығарып айтуға бейім ақын екендігі аңғарылады. Өйткені өлеңді тез шығаруы
жағынан  алсақ та, тілі жағынан алсақ та
немесе  айтыстарында қолданған әдісі
жағынан қарасақ та, Шернияз өлеңдерінде суырыпсалмалық дәстүр берік сақталады.

            Суырыпсалмалықтың
өзіне тән алуан ерекшеліктері бар. Соның бірі - жөпелдемде сөз тапқыштық, тез жауап
бергіштік. Бұл қасиет Шерниязда анық байқалады. Баймағамбет шабамын деп,
қылышын суырып алғанда айтқан «Хан қолында ұстаған қасқа қылыш» дейтін өлеңін
импровизаторлықтың тамаша үлгісі десек, «Шернияз  тарихы» 
атты қолжазбадан алынған төменгі өлеңі тез айтуға машықтық, ұсталығы
жағынан  жоғарғы өлеңінен де асып түсетін
сықылды.

            Бір
іс жөнінде хан Шерниязды айыптап, дүре соқтырмақшы болады. Жұрт сұраса да, хан
кешірім бермейді. Жұртқа болмаған соң, ханға Шернияздың өзі барады. Есіктен
кіре бергенде маңдайшаға соғылып, басындағы жапатай бөрік түсіп кетеді.
Еңкейіп  алайын деп жатқанда хан:
«Ойланбастан осыған өлең айт», - дейді. Сонда бір аяғы табалдырықтың сыртында,
бір аяғы ішінде тұрып:                              

Басымнан түсіп кетті
жапбергенім (бөрік)

Құдай-ай,
осы ма еді көп көргенің?

Өсірген сылап-сипап он
саусағым,

Кәнеки, тап бергенде, ап
бергенің?!

Қызыл
тіл, барың болса енді сөйле,

Таппасаң,
қапияда босқа өлгенің.

Ұлына
екі атаның бермей тілек,

Кім
еді сонша көпте жек көргенің? -

дейді. Тек қана бұлар емес, ханның
қызына, әйеліне, өзіне айтқан Шернияз сөздерін құрылыс жағынан алсақ, тез
шығарудағы шеберліктің  ең зор үлгісі деуге
болады.

            Халықтың
суырыпсалма ақындарына, әсіресе айтыс ақындарына және бір тән әдіс - қарсы
жағын ең әлсіз жерінен ұстау. Бұл да Шерниязда өте шебер түрде қолданылады,
Медебаймен айтысында Шернияз осы әдісті қолданады. Абайсызда Медебайдың аузынан
неме деген сөз шығып кетеді. Қазақ
тіліндегі кейбір сөздерді бұрып айтса, басқа мағына беретіндігін пайдаланып,
Шернияз сол сөзден Медебайды сүріндіреді.

Медебай:                              

Ханыммен бірге отырып
тамақ жейтін,

Құжырайып отырған бұл
қай неме? -

десе,

Шернияз:                              

Осы ма Медебайың хан
мақтаған?

Қолында домбырасы  бармақтаған,

Хан алдында немесін салмақтаған,

Көргенсіз неткен есер
қалжақтаған, -

деп
бұра салады. Бұл үзіндідегі Шерниядың әр сөзінің өткір сарказм болып келуі өз
алдына, әлгі айтылған «неме»  деген сөзді
шумақтың  пікір түйіні етіп, Медебайға
тағы айтқызуға тырысады. Айтыстың заңы бойынша шумақтың түйіні, қазығы   болған сөзге, пікірге  қарсы  
жауап беру қажет. Егер оны түсінбей қалса немесе жауап бере алмаса -
айтысушы ақынның жеңілгені. Айтысушылар бұған қатты көңіл бөледі.
Оның үстіне Шернияз Медебайдың өз сөзін сөйлемнің  қазығы 
етеді. Сондықтан Медебай жауап бермеуіне болмайды. Не ақын сол сөзді
дұрыстап, жеңіп шығуы керек немесе есебін 
тауып жалтарып кету керек. Бірақ бұл жерде Шернияз Медебайдың бұлтаруына
мүмкіншілік  бермей, ақыры Медебайды өз
сөзінен ұстап,  ханды да, тыңдаушы
көпшілікті де Медебайға қарсы қойып, өз жағына шығарып алады. Мұның аржағында Медебай айтарлық
ештеңе қалмайды. Медебай жеңіледі.

            Бірақ Шернияз халық ақындарының
әдіс-тәсілдерін берік сақтайды деп тұрсақ та, оның өзіне тән,
өзінің ақындық бетін көрсететін ерекшелігі де жоқ емес. Кей кезде тарихтан орын
алған ақын, жазушылардың, мейлі белгілі бір әдеби
стиль
ақындары  болсын бір жағынан болмаса, бір
жағынан бірінен екіншісінің айырмасы болмай қоймайды. Бір істі екі кісі қатар
істесе, екеуі бір іс  болмайтыны сықылды,
бір тақырыпқа
жазған екі ақынның не бірнеше ақынның әрқайсысының өзінше ерекшелігі болады.       Осы тұрғыдан қарағанда, Шернияздың өз кезіндегі не өзінен
бұрынғы ақындардан айрықша бір ерекшелігі - оның өмір құбылысын суреттеуде
қолданатын поэтикалық тілінде. Шернияз өлеңдерінде
поэтикалық тілдің әр түрі де кездесе береді. Тамаша теңеу, метафора, т.б.                     

Шаншатұғын
найзадай

Қылтың
еткен, жиырма бес,

Шабатұғын
қылыштай,

Жылтың
еткен, жиырма бес,

Бармысың
жауға түскен, алтыным-ай...

Самалым, саз қонысым,
салқыным-ай!..

Ақ алмас, алтын  сапты қылышым-ай!..

Шықтың
ба қабын жарып, ырысым-ай!..

Исатай  ділмар еді топтан озған,

Нар еді бәйтерекке
мойнын созған,

Исатай - ел еркесі, ел
серкесі, -

деген 
үзіндідегі метафораның ұлғайған түрі де, жай түрі де халық өлеңдерінен
болсын, бұрынғы ақындардан болсын табыла береді. Бірақ Шернияз өлеңдерінде
кейбір образдар терең сезімді аңғартады. Әйтсе де оны Шернияздың ерекшелігі деп
қараудан гөрі, Исатайға деген зор махаббатының бір көрінісі деп ұққанымыз жөн.
Өйткені бұл оның өмір құбылысын суреттеудегі негізгі әдісі  емес, кей кездегі көңіл күйінің қатты толқуын
көрсететін жеке образдар ғана. Мұны біз басқа ақындардан да жиі кездестіреміз.

            «Таудан
мұнартып ұшқан тарланым» (Махамбет) сияқты метафораның барлығын ғана айтпасақ,
тіл құрылысында ерекшелігі бар дей алмаймыз. Демек, оның тіл құрылысындағы
ерекшеліктерін басқа жақтарынан іздеуіміз керек. Бізге Шернияздың өзіне шейінгі
тарихи ақындармен (Бұхар, Байтоқ, Жанұзақ, Махамбет, Жанкісі т.б.)
салыстырғанда, ерекшелігі - поэтикалық тілдің 
басқа түрінде деуге болады. Бізше, Шернияз - юморист ақын. Сондықтан
оның поэтикалық тілінде, сөздігінде ирония, сарказмдар жиі ұшырайды.   

Бай-еке,
сіздің қызда жаман бар ма?

Жамандар сіздің қызды
заман бар ма?

Жамандығы бойынан  табылғандай,

Ауызым бармай тұр ғой
жамандауға.

Еркек болса, әр жұртқа
хан болғандай,

Әйел қылған аллаға
амал  бар ма?

Орынбор сіз салдырған
қалалары,

Ақылға бәрі бірдей
даналары,

Өңшең абзал баланы таба
берген,

Бұлардың қандай екен  аналары?

Ұжмақтың хор қызындай
тегіс туған,

Ай, алда-ай,
қандай мінсіз балалары», -

деп,
Баймағамбеттің әйелін, қыздарын, сырт жағынан қарағанда, мақтап тұрған тәрізді
көрінсе де, ішкі мазмұны олай емес. Жаманда дегенде тап солай екендігі айқын
ашылатындығы өз алдына, осы үзіндінің өзінен де оқушылардың түсінуі үшін де
кілт беріледі: «Жамандар сіздің қызды заман бар ма?», «Жамандығы бойынан
табылғандай, ауызым бармай тұр ғой жамандауға»  дейтін сөздері  осыны  ұқтырады.

            Шернияздың әрі сөз тапқыштық, әрі
әзіл-қалжың, мүкі сөздерге, әдеби тілмен айтқанда ирония, сарказмдерге
шеберлігін дәлелдейтін толып жатқан мысалдарды Нұржігітұлының қолжазбасынан да
кездестіреміз.

            Шернияздың адай Абылға, өзінің
қонағына айтқан  сөздері дәлел. Ол жөнінде Нұржігітұлы былай дейді: «Шернияз бір жақтан келе жатып, адай
Абыл ақынның аулына келеді. Абылдың жылқысы оппаға түсіп қырылып, терісін сойып
алып жатқанның үстінен шығады. Шернияз жөн сұрап: «Кім аулы?» десе, Абыл:
«Танысаң адайыңмын, танымасаң құдайыңмын», - дейді.

Сонда Шернияз:

Аулыңның қонған жері
сыдырым тал,

Малыңды жайшылықта
ар жаққа сал.

Отырып от басында
нәнсінгенше,

Жылқыңды құдай
болсаң тірілтіп ал,1 - депті.

 

Шернияздың әйелі
өліп, өзінің бала-шағаларымен отырғанда, бір сыйлы қонақтар келіп қонады. Қызы
қонақтарға қойдың қолын асады. Қонақтар оған риза болмай, өзара күңкілдесіп:
«Шернияздан бала тумаған екен», - дейді. Шернияз оны сезіп қалып:

Қонағым, балалар
білмегеннен қол асыпты,

Асса да бала қолды
мол асыпты,

Дүниеге қолдан бұрын
сан келмейді,

Асса да бала қолды,
жол асыпты, -

депті. Шернияздың әзіл-қалжың өлеңдерге
де тапқыш, тез шығара салатындығын айқындайтын басқа да сөздері аз емес.

            Ирония,
сарказм Шернияздың өлеңдерін басқа ақындардан даралап көрсетерлік ерекшелігінің
бірі дедік. Бұдан Шернияздан басқа ақындарда тілдің бұл түрі мүлде кездеспейді
деген ұғым тумасқа керек. Өйткені ирония, сарказм  Шернияздан бұрынғы халықтың ауыз әдебиетінде
де кездеседі. Бірақ ол кездесулерде заңды жоба бар дей алмаймыз. Сондықтан ол -
кездейсоқ қана нәрсе. Кездейсоқ, қай кезде болсын  жоққа тең. Демек, ирония, сарказм өмір
құрылысын

____________

1 Тіл мен әдебиет
институтының архиві, №27
материал,

суреттеуге Шернияздың негізгі құралы
болуы, оның өзінен бұрынғылардан айырмашылығын көрсететін ерекше жайының бірі болып
саналуы қажет.

            Шернияздың
өзіне тән  ерекшелігі тіл жағында деп,
оған айрықша тоқталып өттік. Ал өлең құрылысы (буын, бунақ, тармақ)

жақтарынан не ұқсас жақтарынан өзіне
дейінгі ақындардан еш өзгешелігі жоқ. Дағдылы он бір буынды не жеті буынды  немесе 
сегіз буын аралас келетін жыр ағымы. Ұйқастары қара өлең ұйқасы, не
ерікті, не терме өлеңдерде келетін кезекті ұйқас болып отырады (соңғы
екеуі Шернияздың бұрынғы өлеңінде жоқ, қолжазбадағы өлеңдерінен алынды).

            Шернияз бұдан бір ғасыр бұрын өмір
сүрсе де, оның өлеңдерінің біздер үшін мәні зор. Өйткені өз кезіндегі қара
халықтың көпшілігі шаруалардың мұңын жырлап, шаруалар көтерілісін басқарған,
халыққа қамқоршы болған ер ұлдарды дәріптеді. Сол кез, сол жағдаймен байланысты
өзінің  басында  кейбір қайшылықтары   болса да, ол, негізінде, езілуші шаруалар
табының жыршысы  болды. Күлдіргі,
сатиралық өлеңдердің  шебері, ұстазы  ретінде 
тамаша үлгі өлеңдер қалдырды. Сол себептен біз оны зерттейміз, тексереміз.
Сондықтан Шернияз  әдебиет  тарихынан өзіне
лайық орын
алады.