ВЕРНУТЬСЯ

Ен-таңба салмай күндерге,Өтетiн уақыт өктем-ақ.Соғыстар жүрген бұл жерде,Шинелiн оқпен көктеп ап. Маңдайдан ащы ағып тер,Ұмыт та қалып аялы үн.Бұл жерде жазған танктер,Соғыстың өмiрбаянын. Қабырғасы елдiң кетiле,Оққа ұшып жатса арыстар,Таласып газет бетiне,Суретке түстi соғыстар. Көк майса шөбiн отап бар,Жаншылып жатты өлiп қыр.Бос қалған сорлы окоптар,Солдатын өзi көмiп бiр.Оқтары шашып өлi дем,Тапап бiр суыт жүрiспен,Даланың бейбiт көлiнен,Соғыстар келiп су iшкен. Шошына көре жұртыңды әр,Жазылған үкiм-кесiмдей.Бомбадан қалған шұңқырлар,Соғыстың көп нүктесiндей. Шырқалар Жеңiс жыры әлi,Жүрекке ғажап күй тұна.Бiр отар танк тұр әнi,Танктер қалың ұйқыда. Шуағын жайып жеңiс күн,Жетсе де бiзге көктем боп.Сұрапыл сол бiр соғыстың,Сиясы әлi кепкен жоқ.