ВЕРНУТЬСЯ

    Шындық іздеп ұзақ жүріп қалыппын,

Кейбір шындық торықтырдың, налыттың.

...Өз шындығы бар-ау, ғажап, малғұнның,

Пенденің де, тіпті тұтас халықтың...

Талай шындық аян болып түске енді,

Талайлары қолға тегін түскенді.

Сол шіркіндер алдап, арбап жол бастап,

Шеттерінен сағым-мұнар өшті енді.

Ұлы істер - қайда бізге, қол қысқа...

Аз еңбекпен бөлендік те алғысқа...

Бірақ одан "шындық" таппай жүргенде,

Жетіп қаппыз асқар асу алпысқа.

...Сенде, шырақ, шындықтаппай мұңайма,

Адал өмір - міне нағыз шын айна...

Әр шындықтың иесі бар, нақ шындық,

Нақ Ақиқат, сене білсең, Құдайда...

Мен іздемен енді қоныс шүрайын,

Мен таңдаман енді Алла Күн, Айын.

Бірақ енді адаспаймын жолымнан,

Жүрегімде, жол сілтейтін, Құдайым!..

Ақтау. 3.10.2000 ж.